«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата18.10.2023
өлшемі3,52 Mb.
#186394
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
ҚБ Жаратылыстану 3-сын

Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Ақпарат көздерін салыстыра сипаттайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 
Білу және түсіну
Қолдану 
Тапсырма 
Топырақ не үшін қажет? Сұрақтың жауабын 2 түрлі тәсілмен анықта.
1.
Ғаламторды пайдаланып, топырақ туралы мақалалармен таныс. 
2.
Сыныптастарыңнан, үлкендерден сұрау арқылы ақпарат жинақта. 

Жинақтаған ақпараттарды кестеге жаз. 
Ғаламторды қолдану 
Сауалнама арқылы 

Деректер жинауға көмектескен ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері 
туралы айт.
Дескриптор 
Білім алушы 
-
ақпарат көздерінің артықшылығын атайды; 
-
ақпарат көздерінің кемшілігін сипаттайды. 
 
 
44 


Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері 
 
Оқу мақсаты 
3.1.2.3 
Экспериментті жоспарлау және жүргізу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Жоспар құрып, тәжірибе жасайды 
Ойлау дағдыларының
деңгейі 
 
Қолдану 
Тапсырма 
Өсімдік үшін топырақтың түрі қандай рөл атқарады? Сұраққа жауап табу үшін тәжірибе 
жасап көр.
Қажетті құралдар:
құнарлы топырақ, сазды топырақ, топырақ салатын 2 ыдыс, картоп 
немесе басқа өсімдіктің тұқымы.
Тәжірибе: 
Ыдыстардың біреуіне құнарлы, екіншісіне сазды топырақ салып, картоптың тұқымын 
отырғыз. Ыдыстарды жарық мол түсетін, жылы жерге қойып, бір мезгілде, бірдей мөлшерде 
суарып тұру қажет. Екі-үш апта бойы бақылап, өсімдіктің қай топырақ салынған ыдыста 
жақсы өсе бастағанын анықта.
Тәжірибе жасамас бұрын жоспар құрып ал. 
Жоспар:
1.
__________________________ 
2.
__________________________ 
3.
__________________________ 
Дескриптор 
Білім алушы 
-
тәжірибе жоспарын құрастырады; 
-
жоспарға сәйкес тәжірибе жасайды. 
45 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет