Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының академиялық адалдықты сақтау ережесі 2013 жылдың 18 сәуірдегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/2
Дата11.01.2023
өлшемі19,9 Kb.
#165331
  1   2
Байланысты:
Академиялық адалдық


Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының академиялық адалдықты сақтау ережесі

2013 жылдың 18 сәуірдегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жоғарғы қамқоршылық кеңесінің шешімімен бекітілген оқушылардың академиялық адалдықты сақтау ережесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жасалған.


Ереженің басты мақсаты - оқушылар арасындағы адалдық, бір-біріне деген сыйластық, ынтымақтастық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту.
Академиялық адалдық - білім беру үрдісіндегі құндылықтардың негізгі кілті.


Академиялық адалдықтың білім берудегі негізгі принциптері



  • Адалдық –бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды шынайы, лайықты түрде орындау;

  • Авторлық құқықты қорғау – авторды мойындау, өзгенің сөзіне сілтеме жасау, ақпараттың авторы мен дереккөзін көрсету;

  • Ашықтық – өзара сенім, педагог қызметкерлер мен оқушылар арасындағы идея мен ақпаратты ашық түрде алмасу;

  • Құқықты құрметтеу және оқушылардың еркіндігі – өз ойлары мен иядеяларын айтып, еркін сөйлеу;

  • Теңдік – ережеге сай міндетті болу және құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікті сезіну.



Академиялық адалдықты сақтауда жол берілмейді:



  • Плагиатқа (автордың рұқсатынсыз, еш өзгеріссіз, сілтемесіз материалды көшіру);

  • Келісуге (басқа оқушының бағаланған жұмысын орындау);

  • Алдауға: бағалатын жұмысты өзге оқушыдан көшіру, бағаланған жұмысты қайта көрсету; өзге оқушыларға келісілген түрде көшіртуге, электронды құрылғыларды рұқсатсыз пайдалану (смартфон, калькулятор, планшет, электронды смарт сағаттар және түрлі гаджеттер);

  • Өзге біреудің бағаланған жұмысын өзінікі етіп көрсетуге;

  • Бағаланатын жұмысты қағаз түрінде кабинеттен алып шығуға, электронды материалды педагог қызметкердің компьютерінен тасымалдағыш құралға көшіріп алуға.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет