Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сөйлеу-ойлау әрекеті жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Соның нәтижесінде оларда түрлі деңгейдегі тілдік бірліктері және олардың қызмет ету ерекшеліктері:
Фонемалар;
Лексемалар;
Грамматикалық формалар мен конструкциялар;
Сөйлем құрастырудың заңдылықтары туралы жалпыланған түсінік қалыптаспайды.
Мектепте оқу барысындаоқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде қиындық көреді.
Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде қиындық көреді.
Негізгі орта мектеп деңгейіндесөйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады.
Сөйлеу тілінің жетік болмауыбаланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік патологияның көлемімен анықталады.