Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Сыпайылық, сыйластық, қайырымдылық Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#96830
Байланысты:
9 сынып 11


Әйелдің орны, рөлі
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Сыпайылық, сыйластық, қайырымдылық
Мақсаты: Оқушыларға қоғамда әйел адамның орны, рөлі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығың мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа баулу
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сыйластық қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу
Үйге тапсырманы тексеру.
1. №10 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №11, «Шанханайдың шынары» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Халқына адал қызмет етіп, бақытын еңбектен тапқан, мәртебесін еңбекпен биіктеткен Зылиха Тамшыбаева туралы не білдіңіздер?
2. «Жақсыны күшінен таныма, ісінен таны. Күш ақымақта да бар. Ұрыны көзінен таны, кісіні сөзінен таны. Сөзі түзудің өзі түзу болады» деген әке сөзін қалай түсінесіздер?
3. Зылиханың бойынан көшбасшыға тән қандай қасиеттер көрінді? Басшылар оған неліктен сенім білдіріп отырды?
4. Автордың «Шанханайдың биік шынары Зылиханың шырағының биікте жұлдыздай жарқырай беретіндігі күмәнсіз» деген ойын одан әрі өрбітіп, өз ой-пікіріңізді дәлелдеңіз.
5. «Сіз өмірді лайықты сүру дегенді қалай түсінесіз?» деген сауалға өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?
Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.

Габриэль Гарсиа Маркес

Мұғалім сыйы.


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
1-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, айтылған басты идеяны табыңыздар.
• Халық даналығы: «Гүл өссе – жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі».
• Халық даналығы: «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – төбедегі жұлдыз».
• Халық даналығы: «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер». • Мұхтар Әуезов: «Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді».
• Пьер де Бомарше: «Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің».
2-тапсырма. Төменде берілген мәтін үзіндісін оқып, қазақ қызының тәрбиесі, оның адамгершілік бейнесі туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Айтылған ойдың бүгінгі өмірімізбен байланысы туралы әңгімелеп беріңіздер.
Топпен ән айту.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Сөзін жазған Исраил Сапарбай
Әнін жазған Рамазан Тайманов
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе – елдің көркі – деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.
Үй тапсырмасы.
1. №11 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №12, «Өлімді жеңген ана» мәтінін оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет