Личность-кісі, тұлға . Есеиіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісіні, не тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген ,өзінін іс-әрекен тізгіндеи білетін ,өз боиындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамдыда кісі, тұлға деиміз
Жеке адам, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның жан дүниесі тек айналасындағыларымен қарым-қатынас жасау үстіңде, тәлім-тәрбие, оқу,іздену,іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұңға ие болып отырады. Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, ұстанған бағытына әсер ететің түрткілер көп. Солардын бастылары:қажет пен қызығу,таны мен сенім, мұратпен талғам, мақсат пен мүдде, т.б. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеністікте, тәрбиемен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде-бұл әркашан да нақты нәтиже, өте әр алуан факторлардың өзара әрекеті мен синтезі.
Адамның әлеметтік әрекеті ең алдымен тұлғаның әлеуметтену негізінде жатады. Әлеуметтену бұл индивидтің қоғамда өз өмірін құндылықтарды игеру барысында жүзеге асады, сол арқылы өзін өзі тану қабілеті жетіледі. Өмірде тек жақсы нәрселер ғана мәнге ие болмай жаман нәрселерде мәнге ие болуы мүмкін. Мыс: фашизм, шовинизм идеологиялары жеке адамның өмірлік мәні соның дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |