Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.

Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады