Үндістанда әйелдер киімі көптеген түрлерге ие. Солтүстік және Батыс Үндістандағы әйелдерге арналған дәстүрлі киім сарай немесе гагра-хол (леганга-холи) болып табылады, ал Үндістанның оңтүстігіндегі әйелдер сарай, ал қыздар тоқыма-павади. Үндістанда негізгі 5 костюм бар деп есептеледі, үш ерлер және екі әйелдер киімі: – дхоти, – курта, – шервани – ерлердікі, – сари, – шальвар камиз – әйелдердікі. Дхоти – ұзындығы 5 метрден асатын ерлердің белге орайтын таңғышының салтанатты нұсқасы. Киімнің нақты пішімі жоқ, бұл қарапайым төртбұрыш ақ түсті кесінді. . Дхотиді байлау үшін перделеуді матаның ортасынан бастау керек. Матаны дененің ортасына дәлдеп алады да, жоғарғы екі шетін белде ұстамды болатындай байлайды. Матаның қалған бөлігін мұқият әдемілеп бүктеп, сол аяқтан артқа қарай өткізіп, шетін белге қыстырып қояды. Ал матаның оң жақ бөлігін де сол сияқты мұқият бүктеп, алдыңғы жаққа, белге қыстырады.
Курта еуропалықтарға жақын, өйткені бұл ұзын жеңді кең жейде. Әдетте куртаның ұзындығы тізеге дейін келеді. Оны жіңішке ұзын шалбармен киеді.
Дхоти мен шерваниді тюрбанмен киеді. Үндістанның әр аймағында әртүрлі тюрбан пайдаланылады. Тюрбанға қарап адамның әлеуметтік жағдайын және оның жасын білуге болады.
Шервани – сүртік пен шалбардан тұратын сәнді ерлер киімі. Мұндай киім Үндістанда өте қымбат тұрады және қалтасы қалың адамдарға ғана қолжетімді. Шерваниді салтанатты кештерге тюрбанмен және ұлттық шарфпен киеді.
Үнді әйелдерінің ең танымал киімі, әрине, сари. Дәстүрлі сари үш бөлшектен тұрады: футболка, белдемше және саридің өзінен. Саридің ұзындығы 20 метрге дейін жетуі мүмкін, алайда кейде 9 метрден де аспайтындары болады. Үндістанның бар ғажабы сариде бейнеленген деп жазады ақындар. Бұл мемлекеттің рухы, көңіл-күйі. Сари тігу үшін де біраз қалта қағылады. Ол табиғи, өте жұқа матадан және көбіне кестелеп, алтын жіппен қолмен тігіледі. Қыздардың кішкентей күнінен жасауына сари дайындайды.
Үндістанда, басқа ислам елдеріндегідей ашық киінуге тыйым салынған. Ланга-чоли деп аталатын бәріне таныс іші ашық көйлек – бұл би киімінің бір бөлшегі. Және оны тек өз адамдарының арасында киюге болады.
Шальвар камиз – бұл әйелдер күртешесі. Балағы резеңкеден тігілген кең шалбар мен ұзын жейдені үнді қыздары күнделікті өмірде жиі киеді. Бір қызығы, бұл киімнің отаны – Ауғанстан, бірақ Үндістанда үлкен танымалдылыққа ие болып, тіпті ұлттық киіміне айналып кетті.