Пререквизиттер: Сала экономикасы, Менеджмент, Маркетинг
Пәннің/курстың мазмұны:Экономикалық мамандықтар бойынша білім алушылар үшін бұл пән негізгі базалық курстардың бірі болып саналады. Пәннің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың әдіснамалық бағыттарын талдау, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың теориялық аспектілерін меңгеру арқылы, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау.Аталмыш пәнді игеру барысында төмендегідей міндеттер қойылады:бәсекеге қабілеттілік жөніндегі теориялық тұжырымдарды оқып-білу; бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық жүйедегі орны мен ролін талдау; кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау критериилері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау; кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есептеу арқылы оның мүмкіндіктерін нақтылау.