Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.
5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 95 кредит + 7 кредит (ооқытудың қосымша түрлері) + 8 кредит (оқу-танымдық және өндірістік іс-тәжірибе) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-177 кредит)