Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы Кәсіпкерлік құқығы
Пәннің коды: KRKK 3214
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 4
Дәріс беруші : аға оқытушы заңтану магистрі Жусупова Б, аға оқытушы заңтану магистрі Абдукерова А
Курстың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығы курсының мақсаты республикамыздағы кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын зерттеу болып табылады. Сонымен бірге ҚР кәсіпкерлік құқығы курсының мақсаты студенттерді кәсіпкерлік қызмет туралы нормаларды құрайтын негізгі заң актілерімен таныстыру, кәсіпкерлік қызмет ұғымын қарастыру, кәсіпкер тұлғасын және оның құқықтық мәртебесін айқындау.
ҚР кәсіпкерлік құқығы курсының міндеті кәсіпкерліктің құқықтық режимін қарастыру болып табылады. Курс бойынша өткізілетін семинар сабақтарын жүргізу барысында тәжірибе материалдарымен студенттерді таныстыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде пайдаланылатын құжаттарды құрастыру бойынша тәжірибелік білімді көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |