Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Қазақстан Республикасының қаржы құқығы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық,
Курстың/пәннің мазмұны: Салықтық құқық мемлекеттік салықтық құрылымын айқындайтын, салық жүйесін белгілейтін, сондай-ақ салық салу аясында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді. Мысалы, салықтық құқықтық нормалары мемлекетте қандай салықтардын алынатынын, оларды кімдер төлейтінін, оларды қандай органдардың алатынын және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы және толығымен төленуіне қандай органдар бақылау жүргізетінін нақтылы көрсетеді. Салықтық құқықты салықтық құқықтық нормаларды іске асыру нәтижесінде құрылатын салықтық құқықтық тәртіп ретінде де түсінуге болады.