Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың/пәннің мазмұны: ҚР Кеден құқығы құқық салалары ішіндегі негізгі салаларының бірі болып табылады.
Курсты оқу барысында кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың маңызды буындарының бірі болып табылады. Студенттердің кеден құқығының маңызды институттарын оқып түсіндіру, талдауға үйрету және олардың кеден құқығы аясындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары туралы білім беру.
Заңгер - студенттері үшін, ең негізгі көңіл бөлуді қажет ететін (кеден құқығындағы нормативтік құқықтық актілердің көпшілігін ескере отырып) көкейкесті мәселелердің қатарын анықтау.
Мемлекеттің кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеудің қалыптасқан тәжірибесін көрсету.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі құқықтық реттеудің нақты жағдайларын одан әрі дамытуға (жетілдіруге) студенттерді жетелеу.
Сонымен қатар осы пәнді игеру барысында маңызды (оны табысты меңгеру мақсатында) міндеттері Қазақстан Республикасың кеден ісі құрылымымен танысу, Қазақстан Республикасының кеден режимдерін қарау, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу жүргізу және онымен танысу, кедендік және валюталық бақылау жүргізуді қарау, кедендік төлемдердің негізгі түрлерімен танысу, кеден және басқа да құқық қорғау органдарының арақатынасын айқындау, халықаралық кедендік ұйымдармен және оларға Қазақстан Республикасының қатысу жағдайымен танысу тәжірибеде өз білімдерін қолдана білуі керек.