Сабақ беру әдістері: халықаралық шарттарды талқылау, топтық ойындар Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі:қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Криминалистика
Пәннің коды: Kri 4305 Пәннің типі: Базалық, міндетті пән Оқу жылы: 4 Оқу семестрі: 7 Кредит саны: 3 Дәріс беруші: аға оқытушы., з.ғ.к., Алтаев Е., Курстың мақсаты: оқу процесінде студенттер – криминалистика ғылымының жалпы, арнайы, нақты міндеттерінің қылмыстық істерді ашу, тергеу, алдын алу жұмыстарында жүзеге асырылу жолдарын көрсету арқылы пәннің тергеу іс тәжірибесін талдап қорытып және ғылым мен техниканың жетістіктерін қылмыспен күресте пайдалануға қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптарына сәйкес икемдеп ұсынған әдіс-тәсілдерін оқып үйрену негізінде құқықтық пәндерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға дағдыландыру. Сонымен бірге криминалистика ғылымының түсінігін, жүйесін, даму тарихын, негізгі қағидаларын, басқа ғылым салаларымен арақатынасын, олардың жаңалықтарын тергеу тәжірибесіне ендіру жолдарын студенттердің оқып үйренуі қажет