Байланысты: Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы
Дәріс 5. Кәмелетке толмағандардың тергеу қызметінің психологиясы Ақиқатты анықтайтын, дәлелдемелерге баға беретін, шешім шығаруға негіздерді айқындайтын, басты сот талқылауының орталық, негізгі бөлімі – сот тергеуі. Оның негізгі белгісі болып дәлелдемелерді тікелей және жан-жақты зерттеу, себебі сот алдын-ала тергеу органдарының шешімдерімен байланысты емес, тергеуші жинаған дәлелдемелер-мен шектеліп қоймай жаңа дәлелдемелерді жинай алады, оларды өз ішкі сенімі бойынша бағалай алады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің ерекшелігі, іске қатысушылардың құрамымен, сонымен бірге кәмелетке толмағандардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттерімен айқындалады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің басты талабы болып, айыпталушының жасының және психологиясының ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Кәмелетке толмағандардың істерін қарау ерекшелігі сот төрелігін жүзеге асыру кезінде өнегелік бастамалардың кең қолдануында көрінеді, сот қызметіне үлкен тәрбиелік әсері бар жалпы өнегелік принциптерінің, педагогикалық әдістерін еңгізуден тұрады. Бұл кәмелетке толмағандардың қылмысты қайта жасауынан бас тартуға, қоғамға қарсы психологиясының өзгеруіне алып келеді.
Сот билігі мен қоғамдық пікірден пайда болған өнегелік қызмет, сот жұмысын адамгершілік тұрғыдан бағалауда үлкен мүмкіндіктер алады.
Басты сот талқылануына қатысушылардың адамгершілік талаптарының ерекшелігі олардың атқаратын функцияларының ерекшелігіне байланысты. Өнегелік талаптар қылмыстық процессуалдық қызметтің әр субъектісінің орны мен мақсатына қарама-қайшы келе алмайды және келмеуі қажет. Сондықтан 1997 жылы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс жүргізу Кодексіне сәйкес айыптау қорытындысын оқу – айыптау функциясын жүзеге асыратын – мемлекеттік айыптаушыға жүктеледі. Бұл сотта айыптауды прокурордың негізгі мақсатынан шығады, яғни қылмыстық іс жүргізуде прокурордың ролі туралы дұрыс қоғамдық көзғарас тудыру үшін қажет.
Айыптау қорытындысын судьямен жариялау кәмелетке толмаған сотталушыға үлкен әсер қалдырады және едәуір психологиялық ауыртпалық тудырады. Ұқсас әсер заңды өкілдерге де көрсетуі мүмкін. Сондықтан прокурорға айыптау қорытындысын жариялау функциясын беру Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің демократиялық қағидаларына сәйкес келеді.
Осыған байланысты профессор М.С. Строгович дұрыс айтқан «...айыптау қорытындысын төрағалалық етушімен жариялау сот процесіне қатысушыларға дұрыс әсер қалдырмауы мүмкін, себебі төрағалық етуші айыптау қорытындысында көрсетілген фактілермен келіскендей болып көрінеді» .
Прокурордың соттағы процессуалдық қызметі нақты іс бойынша алған позициясын тұжырымдаудан басталады. Прокурормен айыптау қорытындысын жариялау соттың позициясын дұрыс түсінбеудің алдын-алып қана қоймай, сонымен бірге шешімдердің дұрыстылығы мен негізділігіне жауапкершілігін арттырады.
Айыптау қорытындысын жариялаудың құқықтық салдары сот тергеуінің нақтылы, белгілі шектерін анықтаудан, фактілер мен мән-жайларды зерттеуден, тағылған айыптың көлемінен тұрады.
Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті немесе түсінікті емес екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және оның тағылған айыпқа қатысып көзқарасын сотқа хабарлауын сұрайды. Бұл жерде өзінің кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтыны (толық, ішінара) туралы сұрақты қойған кезде қобалжудың болуы маңызды болып табылады. Жауаптар оның берген айғақтарының жеке тарауына бөлініп шығарылуы қажет, себебі олар істің мән-жайларын зерттеу тәртібіне, бағытына және көлеміне нақты бір әсер етеді.
Кәмелетке толмаған сотталушының берген жауаптары, егер ойдан шығарылмаған болса істің фактілі мән-жайларын толықтай анықтауға өзінің септігін тигізеді, себебі сот қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл осы санаттағы істерді қарау үшін сотталушымен қажетті психологиялық байланыс жасау үшін қажет. Сот тергеуі барысындағы айғақтардың шынайылығы сұрақтарға жауап берген уақыттағы сотталушының адалдығы және ашықтылығына көптеп байланысты. Қатысушылардың алдында ұялу сезімінің өзінің кінәлілігімен мойындамаса және шынайы жауап беруден бас тартса, ақиқатты ашу мәселесі бұл жағдайда қиындап кетеді. Сондықтан басынан бастап сотталушыға дұрыс позиция таңдап алуға көмектесу қажет.
Сотталушының өзі немесе қорғаушының көмегімен айыптау қорытындысының шешімдеріне қарсылық білдіруге және айыптауды жоққа шығаратын фактілерді ұсынуға құқылы. Сотталушының тағылған айыпты мойындамайтыны немесе ішінара мойындайтыны жөнінде берген түсініктемесі тергеу жүргізу тәртібін анықтап және істің мән-жайын мақсатты зерттеуге мүмкіндік береді, осының негізінде соттың барлық назарын мәселелі сұрақтарды шешуге, сотталушының қылмысқа қатыстылығы немесе қатысты еместігін көрсететін дәлелдемелерге шоғырландыруға бағытталуы қажет.
Кәмелетке толмаған үшін іс бойынша бірінші болып түсініктеме беру мүмкіндігі өте маңызды болады, сот айыптау тезисімен бірге сотталушының дәлелдерін бағалай алады. Мұндай істер бойынша дәлелдемелерді зерттеу айыпты мойындағаны немесе мойындамағанына қарамастан сотталушының жауаптарынан басталуы қажет. Басында оның қарсылықтарының негізін анықтап алған дұрыс, содан кейін берген жауаптарына байланысты басқа дәлелдемелерді зерттеуге көшу қажет. Тағылған айыпқа қарсылық білдіру оның құқығы болып табылады, бұл процессуалдық кепілдіктердің бірі. Әлбетте осы тәртіп заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.
Сот тергеуінің тәртібін сотталушының өз кінәсінің мойындауы немесе мойында-мауына байланысты анықтауы И.Л. Перлов «заңға қайшы теориялық тұрғыдан негіздел-меген, саяси және тәжірибелік тұрғыдан қылмыстық іс жүргізуде қолайсыз» деп есептеген және сотталушыдан жауап алу дәлелдемелерді зерттеу алдында да және одан кейін де қарастырылған.
Көптеген кәмелетке толмағандар үшін қылмыстың түп нұсқасына дейін сипаттау, өз кінәсін мойындап және жасаған құқыққа қайшы әрекетін толықтай өкінетіні тән болады. Сотталушыдан ең бірінші болып жауап ала отырып, судья сенетінін, одан толық және шынайы жауаптарды күтетінін көрсетеді.
Сот тергеуінің жүргізілуінің ұтымдылығын қамтамасыз ету дәлелдемелерді хронологиялық тәртіппен немесе істің күрделілігі дәрежесіне және негізіне байланысты, ал кейбір жағдайларда сотталушылардың қайсысы немесе қандай рольде қылмысқа қатысқанына байланысты анықтау түсініледі. Қажетті жағдайларда судья– сот тергеуінің басында белгіленген тәртіпті өзгерте алады. Кейбір істер бойынша сот тергеуінің тәртібін белгілеу үшін жәбірленушінің позициясы, куәлардың мәліметке ие болу көлемі маңызды болады.