3.2 ҚР сертификаттау жүйесі. ҚР меклекеттік сертификаттау жүйесіндегі құжаттар
Қазақстан Республикасының "Сертификаттау туралы" заңы.
Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді бұдан ары процестерді, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
ОсыЗаңда мынадай ұғымдар пайдаланылады.
1/ тіркеу - мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бұл салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігін ресми тануы;