Стандарттау және сертификаттау жүйесіне жалпы түсінік.
1.1. Стандарттау саласындағы терминдер мен анықтамалар.
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті.
Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік түрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық). 1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шамды қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған. Халықаралық стандарттаудың негізі 1875 жылы Парижде 17 елдің Халықаралық метрлік конвенцияны қабылдауы арқылы қаланды. 1901 жылы Англияда Стандарт комитеті құрылды және оның негізгі міндеті Британ империясының әкономикалық жағдайын жақсарту болды.
Қазақстанда стандарттау кеңес үкіметі кезінде басталды. 1923 жылы Семей қаласында Омскінің өлшем бірліктері және таразы тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейдің өлшем бірліктер және таразы тексеру бөлімшесі ашылып, стандарттау жұмыстары басталды десек болады.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 8 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б.
Олар түтынушыға өнім қүрамында судың, қанттың, түздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. ¥лы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады.
Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Әр түрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің әкономикасына көп көлемде шығын әкелуде.
Мысалы: АҚШта әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі қолданылады, ал Үлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Үлыбритания бүкіл әлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған қүрылымдық құжаттар, өндірістік бүйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдерде жарамайды.
Өндірістік өнімдер көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нүсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сүрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандану үрдісі бүл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бүрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жал пылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың әкономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одактастық қүруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп Еуроодақ қүрды. Дүниежүзілік сауда үйымы қүрылды. Жақында Қазақстан да сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Стандарттау - туындаған, көбінесе тапсырмаларға қатысты жалпылай, көп қайтара және ерікті қолдану үшін жағдайларды орнату арқылы өнімге, қызметке және үрдіске деген талаптарды реттеудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған сала. I тарау. Стандарттау 9 Стандарттау жүмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу. Стандарттауды жүргізудің негізгі қагидалары: келісімдік, ашықтылық, еріктілік, ыңғайлылық, әкономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесетуындауы мүмкін мәселелерді шешіп, сол саланы оңтайлы дәрежеде ретке келтіру. Жалпы алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
- Өнім, жүмыс және қызметтің мемлекеттік мүддесі мен қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы түтынушы талабын қанағаттандыру;
- Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің әкономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
- Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық және ішкі нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
- Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;
- Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету. Стандарттау объектілері өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет
- осыларға арнап талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер бекітіледі. Стандартау аумагы - өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы. Стандарттау түрлі денгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, үлттық және әкімшілікаумақтық.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес елімізде мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) жүмыс атқарады.
Қазақстан Республикасында стандарттаудың қүқьіқтық негіздері 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған және 2005 жылдың 9 мамырынан бастап күшіне енген «Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес бекітілген. «Техникалық реттеу туралы» Заңды барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық үйымдар, шаруашылық қызметтің субъектілері орындауға міндетті. «Техникалық реттеу туралы» Заң тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік стандарттардағы нормалар, ережелер, талаптар арқылы мемлекеттік қорғау іс-шараларын анықтайды және олардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) міндетті регламенттеу саласында: - өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; -ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты түтынушыларды жаңылыстыратын ісәрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық кедергілерді жою;
Техникалық реттеу:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастыгы;
2) бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерініц теңгерімін қамтамасыз ету. Стандарттау 4) отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық регламент талаптарының мемлекет әкономикасының даму, оның материалдық-техникалықбазасының деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі турал ы ақпараттың қолжетімділігі;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау;
9) сәйкестікті растаудың бірыңғай жүйесі мен ережелері;
10) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;
11) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
12) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушыларга (орындаушыларға), сатушыларға және сатып алушыларға тәуелсіздігі;
13) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган; 3) өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік органдар; 3-1) аккредиттеу жөніндегі орган; 4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестер; 5) Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бүдан әрі - Ақпарат орталығы).
Достарыңызбен бөлісу: |