Не сертификаттау



бет19/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы

Сертификаттау түрлері

Өнімді (үрдісті, қызметті, жұмысты) сертификаттаудың Қазақстан аумағында екі түрі белгіленген: міндетті және ерікті.

Ерікті сертификаттау - өндірушінің өз еркі бойынша, өтініш беру негізінде жүргізіледі. Мұнда өнімді, үрдісті, жұмысты, қызметті стандарт талаптарына сәйкестігін білу мақсатында немесе өндіруші өзін құжаттармен сақтандыру үшін сертификат сәйкестігін алуы мүмкін. Бірақ, сертификаттаудың бір түрі екіншісінің (ерікті - міндетті) орнына ауысып жүре алмайды.

Міндетті сертификаттау – техникалық, ережелер, стандарт пен нормативті құжаттардың талаптары бойынша, қоршаған орта мен адам өмірінің қауіпсіздігін ескере отырып, кейбір өнімдердің (үрдіс, жұмыс, қызмет) түрлерін арнайы бекітілген тізім бойынша міндетті түрде сәйкестікке сертификаттау.

Сәйкестік белгісі. а) Қазақстанның міндетті сертификаттау, ә) Қазақстанның ерікті сертификаттау, б) Ресейдің міндетті сертификаттау, в) Өзбекстанның міндетті сертификаттау белгілері.

Мемлекеттік басқару мекемелерінің ұсынысы бойынша міндетті сертификаттлатын өнімдердің (қызмет) тізімі СМС комитетінде (МЕМСТ) дайындалып қажетті министрліктердің бекітуіне ұсынылады. Қазіргі кезде мұндай тізімге 1000 астам өнім түрлері мен 6 қызмет көрсету аясы еніп отыр.

Қазақстанда сертификаттау түрлерінің ішінде міндеттісінің саны басымырақ болып отыр, ал шет елдерде болса, керісінше – еріктілері кең етек жаюда. Мәселен, Францияда өнімнің сертификат сәйкестігі елдің «NҒ» стандарт талаптары бойынша жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша өнім танбалануы да тиіс екен. Алайда белгі соғып таңбаланбаған өнім ел ішінде сұранысқа да ие болмайтын көрінеді. Сондықтан Француз фирмаларының 75% өнімдері ерікті түрде сертификатталады екен. Соңғы жылдары ТМД мемлекеттерінің ішінде ерікті сертификаттауды өткізуге тек Қазақстандық экспортерлер ғана қызығушылық танытуда. Себебі өнімді ерікті сертификаттау, қазіргі нарықтық экономикасы дамыған шетел сауда бәсекелестігіне төтеп беретін бірден – бір тиімді шара болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет