Негіздері


 Гистогенез және органогенез (морфогенез)



Pdf көрінісі
бет212/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.10.9 Гистогенез және органогенез (морфогенез) 
Гистогенез - ұлпалардың түзілу процесі, органогенез – мүшелердің 
қалыптасуы. Ұрық материалдарының үш эмбрионалдық жапырақшаға 
жіктелуі барлық ұлпалар мен мүшелерге бастама болады. Морфогенездің 
бастапқы механизмі детерминация және дифференциация. 
Ұрықтық 
жапырақшалардың түзілу кезеңінде, оның клеткалық 
құрамында айырмашылықтар байқала бастайды. Алғашқы біртекті 
материалда айырмашылықтар туғызатын процесті жіктелу, немесе 
дифференцировка дейді. Барлық кӛп клеткалылардың әрбір ұрықтық 
жапырақшаларының тағдыры бірдей болады. 
Эктодермадан – нерв жүйесінің ұлпалары жетіледі, терінің үстіңгі 
қабаты – эпидермис және оның туындылары (тырнақ, шаш, май және тері 
бездері, тіс эмалі, кӛру, есту, сезу мүшесінің қабылдау клеткалары) дамиды. 
Эктодерма даму процесі кезінде нерв түтігі, ганглиялық пластинка, 
плакодалар (эктодерманың калындауы), терінің эктодермасы және ұрықтан 
тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық 
бастамалардан мына ұлпалар мен органдар пайда болады: нерв түтігінен ми 
мен жұлынның макроглиясы мен нейрондар, кӛздің тор қабығы. Ганглиялық 
пластинкадан дене және вегетативтік нерв жүйесінің ганглияларының 
макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы, бүйрек үсті бездердің 
жұмсақ қабаты, эктомезенхима т. б. пайда болады. Плакодалардан бастың 
кейбір ганглияларының макроглиясы мен нейрондары, тепе-тендік, есіту 
органдары мен кӛз жанары дамиды. Тері эктодермасы тері эпидермасының 
және оның туындыларының, ауыз қуысы кіреберісінің, қынаптың, тік ішектің 
кілегейлі қабықшасының эпителийін, тіс эмалының бастамасын береді. 
Ұрықтан тыс эктодермадан амнионның, хорионның, кіндік бауының 
эпителийі, ал бауырымен жорғалаушылар мен құстардың серозалық 
қабықшасының эпителийі пайда болады. 
Энтодермадан – тыныс алу, зәр шығару, жыныс, ас қорыту мүшелерінің 
ішін астарлап жатқан эпителий ұлпалары, бауыр, ұйқы, қалқанша без және 
асқорыту бездері түзіледі. Энтодермадан ішек пен сары уыз энтодермалары 
түзіледі. Ішек энтодермасынан асқорыту жолы мен бездердің эпителийі 


150 
және тыныс алу органдарының эпителийі дамиды. Сары уыз 
энтодермасынан сарыуыз қапшығының эпителийі жіктеледі. 
Мезодерма. Жүйке түтігінің екі жақ бүйірінде орналасқан мезодерма 
сегменттерге бӛлшектеніп, сомиттер дамиды. Сомиттер – склеротом, миотом, 
дерматом болып жіктеледі. Ішек түтігінің екі жақ бүйірінде орналасқан 
мезодерма бӛлігі бүтін пластинка түзеп, екіге жіктеледі: 
1. нефрогонотом (сомиттің аяғы) 
2. спланхнотом (екі қабаттан тұрады, оның арасы қуыс – оны екінші реттік 
қуыс немесе целом деп атайды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет