Негіздері


 - сурет. Гольджи аппараты: 1 - цистерналар; 2 - кӛпіршіктер



Pdf көрінісі
бет95/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

36 - сурет. Гольджи аппараты: 1 - цистерналар; 2 - кӛпіршіктер; 
3 - ірі вакуоль. (http://www.coolreferat.com) 
Кейбір жасушаларда бұл жиынтық тор түрінде кездеседі де, олардың 
қуыстары бір-бірімен байланысып жатады. Кейде жеке түйір денешік 
немесе орақ тәрізді больш келеді. Мұндай формалары диктиосома 
(лизосома) деп аталады. Жасушаның қызметіне карай бұл жиынтық үнемі 
ӛзгеріп отырады, әсіресе секрет бӛлетін жасушаларда Гольджи жиынтығы 
жақсы жетіледі. 
Гольджи жиынтығында полисахаридтердің белок молекулаларына 
қосылу процесі жүзеге асады да, соның нәтижесінде, белок гидрофильді 


69 
қасиетке ие болып, әртүрлі секреттердің негізі бола алады. Сілекей, тер 
және басқа да безді жасушалар Гольджи жиынтығының қызметі 
нәтижесінде түзіледі. Мысалы, құрбақаның терісіндегі кӛптеген безді 
жасушалар Гольджи жиынтығына бай. Олар үздіксіз ылғалды кілегейлі зат 
бӛле отырып, теріні құрғап кетуден сақтайды. Осы кілегейлі заттың 
арқасында құрбақа қосмекенді жануар болса да, шӛл және жартылай 
шӛлейтті жер жағдайларында тіршілік ете алады. Гольджи жиынтығының 
тығыздалған қуыстар пакеті немесе ұсақ кӛпіршіктер түзетін негізгі 
құрылымдық элементі тегіс мембрана арқылы жүреді. Бұл жиынтық белок 
секреттері түзілетін жасушаларда және нейрондар мен овоциттерде жақсы 
дамыған. Гольджи жиынтығының қызметі эндоплазмалық тормен тікелей 
байланысты, оның қуыстары эндоплазмалық тордың ӛзектерімен косылған. 
Эндоплазмалық 
тордың 
мембранасында 
синтезделген 
белоктар, 
полисахаридтер, майлар Гольджи жиынтығына тасымалданып, оның ішкі 
құрылымында жинақталып, бӛлініп шығуға дайын секрет түрінде сақталады 
немесе жасушаның тіршілік процесіне жұмсалады. Сонымен Гольджи 
жиынтығының басты қызметі — секрет түзу және бӛліп шығару. Сондай-ақ 
тағы да бір қызметі — онда лизосома қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет