114
мүмкіншіліктері артады. Полиплоидизация сүтқоректілердің ағзасында
жасы ұлғая келе бауыр жасушаларында байқалады.
Тікелей емес бӛлінумен қатар (митоз), жасушалардың тікелей бӛлінуі –
амитоз
– кездеседі (51-сурет). Амитоз
кезінде ядроның генетикалық
материалдар құрылымы күрделі ӛзгеріске ұшырамайды, тартылыс
арқылы
бӛлінеді. Ядро бӛлінген соң цитоплазма бӛлінуі тиіс. Бірақ, кӛбінесе ядроның
бӛлінуі цитокинезбен аяқталмайды,
сондықтан, амитоз нәтижесінде кӛп
ядролы жасушалар пайда болады. Амитоз жолымен бӛліну дамуын аяқтаған
жасушаларға тән. Амитоз қабыну процесінде,
ісіктерде және кейбір
қарапайымдылардың бӛліну барысында кездесуі мүмкін.
Түрлі ағзалар мен ұлпаларда жасушалар пролиферациясы (кӛбеюі) әртүрлі
жылдамдықтармен жүреді: бактериялар мен кӛпжасушалы ағзалар
ұрықтарында жылдам, ал жоғары дифференцияланған
ұлпаларда баяу
жүреді. Арнайы қоректік ортада ӛсімдіктер мен жануарлардың жасушалары
тез кӛбейеді.
Бір аналық жасушадан алынған, генетикалық тұрақтылықпен
сипатталатын жасушалар популяциясын –
Достарыңызбен бөлісу: