17
биологиялық заттармен функционалды байланысы. Белоктар – арнайы
функциясын қатаң түрде орындауға қабілетті, жұмысшы молекулалар. Ал,
белоктардың арнайы функция орындауын анықтайтын нуклеин қышқылдары
екені және онда әртүрлі белоктар туралы ақпараттар жазылғаны қазіргі кезде
бәрімізге мәлім.
М.В.Волькинштейн (1965) ӛмірге деген анықтамасында былай деген:
«тірі ағзалар ӛзін-ӛзі реттейтін және ӛзін-ӛзі кӛбейтетін ашық жүйе
(қоршаған ортамен зат және энергиямен алмасады), ондағы маңызды қызмет
атқаратын заттар белоктар мен нуклеин қышқылдары». Тірі ағзаға бірқатар
белгілер тән: ӛзін-ӛзі кӛбейту, энергияны қолдану және трансформациялау,
метаболизм, сезгіштік және ӛзгергіштік. Осы белгілердің барлығын
клеткалық деңгейде де байқауға болады. Тірі ағзада клеткадан кіші бірлік
жоқ. Біз, клеткалардан оның жеке компоненттерін бӛліп алып, олардың
арнайы ерекше қызмет атқаратынына кӛз жеткізе аламыз. Мысалы, күрделі
биоорганикалық молекулалардың синтезіне немесе ыдырауына қатысатын
кӛптеген ферменттер клеткадан тыс жұмыс жасай алады; қажетті факторлары
болса рибосомалар белокты синтездей алады.
Тіршіліктің негізгі бӛлігін жасушалық формалар құрайды. Олар екі топқа
бӛлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: