201
ядросы бӛліктерге бӛлінген. Пісіп жетілген жасушалардың ядросы 2—5
бӛліктен тұрады. Цитоплазмасында кӛптеген гранулалар орналасқан, олар
нейтральді реакция беретін (рН = 7,0) бояғыштармен бояғанда сия кӛк түске
боялады. Сондықтан нейтрофил деп атаған, гранулаларының пішіні майда
дәндер сияқты. Әрбір жасушада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны
анықталған. Гранулоциттер қан ағысында 8—10 сағаттан артық болмайды.
Содан кейін, олар ұсақ тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер
ұлпасына ӛтіп, онда 2-3 тәулік тіршілік етіп, бауырда немесе кӛк бауырда
ыдырап кетеді. Пісіп жетілген нейтрофилдің тіршілік ету ұзақтығы 14 тәулік.
Нейтрофилдер лизосомаларға бай келеді және митохондрияларында
тотықтырғыш ферменттердің активтілігі жоғары.
Нейтрофилдерде
гидролиздеуші және тотықтырғыш ферменттердің кӛп болуы олардың
маңызды қызметімен байланысты. Бұл жасушалардың фагоцитоздық активтігі
эозинофилдерден күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып
қорыта алады. И.И.Мечников оларды
микрофагтар
деп атаған.
Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, қабыну
ошағына кӛп мӛлшерде жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап, оларды
гидролиздейді, сонымен қатар жасуша да ферменттердің әсерінен ыдырайды.
Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бӛгейтін және
жасушалардың кӛбеюіне әсер ететін физиологиялық активті заттар бӛлініп
шығады. Сонымен, нейтрофилдердің негізгі қызметі – қорғаушы, бұл қызметті
фагоцитоздық қабілетімен іс жүзіне асырады және адамды иммунитетпен
қамтамасыз етеді (99 - сурет Б).
Достарыңызбен бөлісу: