169
органдар - бауыр, кӛкбауыр, сүйек кемігі пайда болады. Сары уыз
қапшығыңың ішкі жапырағының клеткалары (сары уыздық эпителийдің
клеткалары) сары уызды ӛзгертуге кӛмектесетін ферменттерді бӛледі; бұл
клеткалар сары уыздың ыдыраған ӛнімдерін сіңіреді. Эмбрион кезінде сары
уыздың бәрі толықтай пайдаланбайды, қалған мӛлшерін жұмыртқадан
шыққан ұрық, кейінгі бірінші тӛрт күнінде қорек ретінде пайдаланады.
Ұрық денесінің «ұрықтан тыс бӛлшектерден» морфологиялық ажырауы
сары уыз қапшығының дамуы басында жүре бастайды. Ұрықты «ұрықтан
тыс кұрылымдардан» бӛлетін ұрық денесінің маңында ұрықтан тыс
эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерманың спланхнотомының париетальді
жапырақшасынан тұлға қатпары түзіледі (81-сурет). Бұл процесс ұрықтың
бас бӛлімінен басталып бүйір және құйрық бӛліміне қарай тарайды. Тұлға
Достарыңызбен бөлісу: