242
Жалпақ сҥйектер
(ossa plana) – сырты тығыз заттармен қапталған, ішкі
жағында кеуекті заттардың жұқа қабаты орналасқан. Олардың шығу тегі
әртүрлі: жауырын мен жамбас сүйегі шеміршектен, бастың жалпақ сүйектері
дәнекер ұлпалардан дамиды.
Қысқа сҥйектер
(ossa brevia) - сырты тығыз заттардың жұқа қабатымен
қапталған, кеуекті заттардан тұрады. Олардың ішінде қуыстары болмайды.
Сүйектің қызыл кеміктері кеуекті заттардың сүйек пластикаларымен
бӛлінген ұсақ бӛлімшелерінде оргаласады.
Аралас сҥйектер
(ossa irregularia) – бас сүйегінде, омыртқаларда
кездеседі. Бұл сүйектерді қысқа және жалпақ сүйектердің элементтері
кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, олардың шығу тегі мен атқаратын
қызметтерінің әртүрлілігіне байланысты.
Сүйек зақымдалған кезде сүйек ұлпасының қалпына келу процесі жүреді.
Бұл процеске
остеогенезге
қатысатын жасушалар: остеобласттар мен
остеокласттар қатысады. Сүйек сынғанда сүйек пластинкаларымен бірге қан
тамырлары, жүйкелер, сүйек қабықшасы да зақымдалады.
Қан айналымының бұзылуы нәтижесінде зақымдалу зонасындағы сүйек
ұлпасы жойылады. Зақымдалғаннан кейін екі күн ӛткенде сүйек қабығы мен
эндоста және қан тамырлары маңында остеобластарға жіктелетін
перициттердің жаппай кӛбеюі жүреді. Остеобластар сынған сүйекті
байланыстыратын ірі талшықты жас сүйек ұлпасының шыбықшаларын түзе
бастайды.
124 – сурет. Сҥйектің тҥрлері
А – жалпақ сүйек (жауырын); Б – қысқа сүйек; В – аралас сүйек (омыртқа).
http://anatomia.ucoz.com/index/klassifikacija_kostej/0-29.
(
Достарыңызбен бөлісу: