Негіздері



Pdf көрінісі
бет35/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
1.5.2 Клетканың органикалық
қосылыстары 
Органикалық қосылыстар
:
белоктар (ақуыз), майлар, кӛмірсулар, 
нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және аденозинтрифосфор қышқылы 
(АТФ) органикалық қосылыстарға жатады (4-кесте). Олар жасуша 
құрамының 20-30% үлесіне тең. 
Белоктар
- кӛміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден

тұратын күрделі органикалық заттар, яғни тірі жасушаның негізгі
құрамдық бірлігі. Жасушаның құрғақ массасының 50-80% белок. 
Ақуыз – полимер, оның молекуласы кӛптеген аминқышқылдарының
молекулаларынан, яғни мономерлерден тұрады. Белоктың химиялық
құрамы әр түрлі, дегенмен олар бір принциптен құрылған. Олардың
құрамында 20 аминқышқылы бар және олар 45°- 80°С ұйиды.
Белоктардың химиялық және физиологиялық қасиеттері амин
қышқылдарының құрамына ғана емес, олардың әрқайсысының ақуыз
молекуласының ұзын тізбегіндегі орналасуларына байланысты. Белоктың
бірінші реттік
құрылысы – пептидтік байланыс түзген тізбек. Бірінші
реттік құрылым әрбір белокқа тән. Жасушада белоктың екінші және
үшінші құрылымдары болады. 
Екінші құрылымы
- полипептидті
тізбектің спиральдануы, олардың иілімдерінде әлсіз сутектік байланыстың
түзілуі. 
Үшінші құрылымы
- белок молекуласы белгілі бір заңдылықпен
кӛп есе оратылып, тығыз шар түзіп, оның иілімдерінде нәзік бисульфидті 
(- S – S -) байланыстар пайда болады. Сонымен қатар, тірі жасушада
белоктың 
төртінші күрделі
құрылымы кездеседі, оның құрамына
белоктың бірнеше молекулалары кіріп, тұрақты агрегаттар түзеді
(гемоглобин). Белоктар жасушада протеиндер немесе жәй белоктар
түрінде кездеседі, кең тараған түрлері альбуминдер (сүт белоктары),
глобулиндер (қан плазмасындағы белоктар), протеиноидтар (коллаген).


42 
Жасуша ішілік күрделі белоктарға нуклеопротеидтер жатады
(жасуша ядросының компоненттері), липопротеидтер (Гольджи
комплексінің компоненттері), гликопротеидтер (кейбір секреттер),
гемоглобин (эритроциттерде), миоглобин (бұлшық еттерде). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет