Негіздері


Клетканың сыртқы орта факторларына реакциясы



Pdf көрінісі
бет81/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

1.8.2 Клетканың сыртқы орта факторларына реакциясы
Клеткалар сыртқы ортамен тұрақты түрде қарым-қатынаста болып, 
сыртқы ортаның әсер кӛрсету факторларына (токсиндер, температура, 
химиялық заттар, физикалық әсерлер, т.б.) реакция береді. Тірі 
клеткалардың осы универсальдық қасиетін 
тітіркенгіштік
деп атайды. 
Тірі клетка сияқты күрделі және ӛзара байланысты жүйеде, қандай да 
болмасын бір процестің немесе құрылымның ӛзгеруі оның кӛптеген 
қасиеттеріне ӛзгеріс туғызады. Сондықтан, тітіркендіретін заттың әсеріне 
клетканың жауабы комплексті болады және оның биохимиялық, физика-
химиялық, морфологиялық, физиологиялық қасиеттерінің ӛзгеруіне әкеледі. 
Қарапайымдылар мен жабайы кӛп жасушалы ағзалардың клеткалары 
сыртқы орта факторларының әсеріне тікелей жауап береді. Жоғарғы 
сатыдағы жануарларда түрлі ұлпалар жүйесінің күрделі жіктелуіне 
байланысты әсер ететін факторлар клеткаға тікелей әсер етпейді, нейро-
гумаральдық реттеу жүйесі арқылы әсер етеді. 
Жасушаға әртүрлі заттардың әсер кӛрсетуін зерттеу, әсер етуші 
факторлар әртүрлі болғанымен жасушалар жауабының ұқсас болатынын 
анықтаған. Олардың бәрі цитоплазма мен ядроның коллоидтық 
дисперциялық дәрежесін кеміткен, цитоплазманың тұтқырлығы артқан. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тірі клетканың цитоплазмасы бояғыштарды 
байланыстыратын қабілетін арттырған және клетканың ӛткізгіштігі артқан, 
тыныштық потенциалы кеміген және басқа да белгілері ӛзгерген. Аталған 
ӛзгерістермен бірге тітіргендіргіштердің әсерінен калийдің иондары мен 
фосфаттардың, креатиннің, қайсыбір пигменттердің босауы және клеткадан 
шығуы жүрген. Осы ӛзгерістермен бір мезгідде қоршаған ортадан клеткаға 
натрий мен хлордың иондары енген. Тітіркендіргіш әсерінің бастапқы 
кезінде осы ӛзгерістердің бәрі қайтымды болған. Тітіркендіргіштің әсері 
тоқтаған кезде цитоплазма мен ядроның коллоидтық дисперсиялығы артқан, 
цитоплазманың тұтқырлығы кеміген. Клеткадан шығып кеткен калийдің 
иондары мен фосфаттар қайтадан клеткаға кері қайтып енген, хлор мен 
натрийдің клеткадағы мӛлшері қалпына келген. Бұл ӛзгерістердің 
жиынтығын «
паранекроз
» деп аталған. Паранекроз кезінде жоғарыда 
аталған ӛзгерістермен бірге клетканың ӛткізгіштігі артады, тыныштық 
потенциалы кемиді және кейбір белгілері ӛзгереді. Тітіркендіргіштің күші 
жоғары болмаса, ӛзгерістерді туындатқан факторлардың әсері тоқтағаннан 
кейін, ӛзгерістердің барлық комплексі қайта қалпына келген, ал 
тітіргендіргіштің күші жоғары болса немесе ол ұзақ уақыт әсер етсе 
байқалған ӛзгерістер кері қайтпай клетка тіршілігін жойған. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет