Негіздері


 – сурет. Тауық ҧрығының дамуы



Pdf көрінісі
бет141/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

81 – сурет. Тауық ҧрығының дамуы 
1 — 33 сағаттық инкубациядан кейінгі ұрық, нерв түтігінің алдыңғы жағындағы кеңістік 
– кӛз кӛпіршігі (кк) және ми кӛпіршігі (мк), жиырылатын жүрек бастамасы түзіледі – 
жүрек түтігі (жт) және қан тамырлары (қт), жұлын бастамасының ұзына бойында 
сомиттер орналасады (с); 2 — 48 сағаттық инкубациядан кейінгі ұрық, кӛз бастамасы 
(к) және құлақ (қ), жақсы дамыған жүрек (ж), тамырлар мен кӛп сомиттер (с).
http://slovare.coolreferat.com/
 
қатпарымен бір мезгілде ұрық маңында жоғары қарай ӛсетін мезодерманың 
париетальді жапырақшасы мен эктодермадан тұратын тағы да бір қатпар 
пайда болады. Осы екінші қатпарды амниондық қатпар деп атайды. Бұл 


кк 
мк
м 
жт 
қт 
с 
к 
қ 
ж 
с 


170 
қатпар ұрықтың бас бӛліміңде пайда болып, тұлғаға қарай тарайды. Бір 
жағының амниоттық қатпары, ұрықтың үстінде, екінші жағының амниоттық 
қатпарымен қосылады. Осы кезде эктодерма эктодермамен, мезодерма 
мезодермамен бірігеді. Құстардың ұрықтарында сары уыз қапшығынан 
басқа тағы да ұрықтық қабықшалар деп аталатын үш уақытша органдар 
пайда болады. Олар — амнион, хорион (сероздық қабықша, немесе сероза) 
және аллантоис. Амнион бастапқы кезде ұрық денесіне жабысып тұрады, 
кейін оның қуысы белокты сұйыққа толып кӛлемі артады. Амниондық 
сұйық ұрықты механикалық зақымдардан, соққыдан, кеуіп қалмаудан 
сақтайды (82-сурет). 
Сероздық қабықша эволюция процесінде екі маңызды функцияға ие 
болған: тыныс алу және трофикалық. 
Аллантоис (грекше аllапs — шұжық) артқы ішектің вентральді 
қабырғасынан шұжық тәрізді ӛсінді пайда болып, ұрық орналасқан 
жұмыртқаның бӛлігінде амнион мен сероздық қабықшаның аралығында тез 
ӛседі. Ұрықтың бір жағынан екінші жағына ауысып аллантоис бірте-бірте 
амнион мен сары уыз қапшығын қаптайды, ал кейін сероздық қабықша мен 
сары уыз қапшығының арасына еніп, ақ уызды да қаптап алады. 
Аллантоистың қалған бӛлігі кейін ұрық денесінде қуыққа айналады. 
Аллантоис ӛзінің тамырларымен бірге тыныс алу мен трофикалық 
функцияларға қатысады, бірақ оның құстардағы негізгі функциясы ұрық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет