Негіздері



Pdf көрінісі
бет153/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

микробҥрлер
деп аталады. Бір 
жасушадағы микробүрлердің саны мен биіктігі ауытқымалы. Эмбриондық 
жасушаларда микробүрлер аз. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің 
саны артады. Олар ішек эпителийінің сіңіру беткейлігін 25—30 есе 
арттырады. Ішек қабырғасындағы ас қорытудан жиналған түрлі заттар 
адсорбцияланып, пиноцитоз арқылы жасушаның цитоплазмасына түседі. 
Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту 
жолындағы бактериялардың ағза ішіне ӛтуіне кедергі болады. Сонымен 
бірге, осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы 
әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиальді астарының бір 
қабатты цилиндр тәрізді жасушалары арасында, жасушаларды 
механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын, шырыш бӛлетін бір 
жасушалы бездер болып есептелетін кӛптеген бокал тәрізді жасушалар 
кездеседі. Ішек эпителийінің жасушалары мен базальдық мембрананың 
арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы 
мен эпителийдің үдемелі жұмысы жасушаларды тез тоздыратындықтан, 
олар түлеп отырады. Ішек эпителийінің құрамында кӛбеюге қабілетті шала 
жіктелген жасушалар болады, олар крипталарда орналасқан. Бӛліну 
нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, түлеген жасушалардың орнын 
басады. Ішек эпителийінің барлық жасушалары 30—36 сағаттың ішінде 
жаңарып отырады. 
2.1.4 Кӛп қабатты эпителий 
Кӛп қабатты эпителий тӛменгі сатыдағы жануарларда кездеспейді, 
оларда бір қабатты эпителий ғана болады. Кӛп қабатты эпителий 
жасушалардың кӛп қабатынан тұрады, олар тереңгі қабаттағы базальді 
мембранаға орналасқан. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кӛп 
қабатты эпителий сіңіру процесін тиімді қамтамасыз ете алмайды және 
секрет бӛлу қызметіне нашар бейімделген (92 - сурет).
А Б 
92 - сурет 
 
А - кӛп қабатты ауыспалы 
эпителий; Б – кӛп қабатты 
мүйізденбейтін эпителий.


188 
 
Сондықтан, кӛп қабатты эпителийдің бетіне секрет, оның астында 
орналасқан бездердің ӛзектері арқылы келіп отырады. Негізінде, кӛп 
қабатты эпителий қорғаныш қызметін атқарады. Кӛп қабатты эпителийдің 
екі түрі бар: мүйізденбейтін және мүйізделетін (92 - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет