Негіздері



Pdf көрінісі
бет158/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

2.2 ІШКІ ОРТАНЫҢ ҦЛПАЛАРЫ
Ішкі ортаның барлық ұлпалары онтогенез кезінде мезенхимадан дамиды. 
Мезенхима негізінде мезодермадан дамып жетіледі. Бұл ұлпалар тобы 
жасушалар мен жасуша аралық заттардан тұрады және қабаттар құрамайды. 
Жасушалар құрылысы аполярлы болып келеді. Ішкі орта ұлпаларының 
негізгі топтары - 
дәнекер ұлпа, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек 
пен сүйек ұлпалары 
(14-кесте
). 
Ішкі ортаның ұлпалары әртүрлі функция 
атқарады. Мысалы, қан мен лимфа және борпылдақ дәнекер ұлпасы негізінде, 
бүкіл организмдегі жасушалардың қоректенуін қамтамасыз етеді. Организмнің 
ішіне түскен инфекциямен немесе бӛгде белоктармен күресуде де ерекше рӛл 
атқарады. 
Ішкі орта ұлпалары - шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр 
сияқты түрлері механикалық функцияны қамтамасыз етеді. Эволюция 
процесі кезінде ішкі орта ұлпалары эпителиймен бір мезгілде және ӛте 
ерте пайда болған. Осы ұлпалардың барлығын бір топқа біріктіретін ортақ 
белгілері бар. Олар: 
1. Ішкі орта ұлпалары жалпы алғанда мезенхимадан дамыған; 
2. Жасуша аралық затқа бай болғандықтан, жасушалар бір-бірінен
алшақ орналасады; 
3. Жасушалары аполярлы; 
4. Организмнің ішінде орналасқан.
14 – кесте 
 Ішкі орта ҧлпаларының жіктелуі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ішкі орта ҧлпалары
Қан, лимфа
Дәнекер ҧлпа
Меншікті дәнекер 
ҧлпалар
Шеміршек 
ҧлпасы
Сҥйек 
ҧлпасы
Талшықты
Арнайы қызмет 
атқаратын
Эластинді 
Фиброзды-
талшықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет