Негіздері



Pdf көрінісі
бет99/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

белсенділігін 
арттырушы факторларға
сыртқы ортаның қолайлы жағдайы, зат алмасу 
процестерінің жоғары деңгейі, иондаушы сәулелердің аз дозасы жатады. 
Сомалық жасушалардың кӛбеюі ішкі орта факторларының да әсерінен
жүруі мүмкін, мысалы, жасушалардың бӛлінуін күшейтетін бірқатар
заттар (фитогемагглютинин (ФГА), ӛсімдік текті заттар), ӛсу факторы, 
гормондар. Митозды 
тежеуші факторларға
температуралық шок, нашалар,
әртүрлі улар (мысалы, колхицин, хлоралгидрат және т.б.) жатады. Қазіргі
кезде тек ӛз жасушаларының бӛліну жылдамдығын реттейтін әр ұлпаға
тән арнайы ингибиторлар – 
кейлондар 
ашылған. Мысалы, эпидермальды
кейлондар тек эпидермиске әсер етеді.
Жасушалық профилерацияны бақылау және реттеу механизмдерінің 
бұзылуы патологиялық ӛзгерістерге: жасушалардың бақылаусыз кӛбеюіне 
(қатерлі ісіктерге) немесе бӛлінуінің тоқтауына, санының азаюына, мүшелер 
мен ұлпалардағы атрофиялық процестерге, қартаюына алып келеді.
Жасушалық пролиферация механизмдерін зерттеу биологияның барлық 
салалары үшін ӛте маңызды. Трансплантация, регенерация, жараларды емдеу 
және ісіктердің химиятерапиясы барысында алынған нәтижелер жасушалық 
пролиферацияның стимуляторлары мен ингибиторлары әсеріне байланысты. 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Жасушалардың пролиферациясы (кӛбеюі) туралы түсінік. 
2. Жасушалық циклге сипаттама.
3. Митоз жолымен бӛлінуге сипаттама беру. 
4. Митоздың биологиялық маңызы. 
5. Жасушалық циклдың реттелуі. 
6. Апоптоз туралы түсінік және оның түрлері. 
7. Амитоз, эндомитозға сипаттама. 
8. Политенияға сипаттама. 
9. Митозды тежеуші факторлар. 


117 
1.9 ОРГАНИЗМНІҢ КӚБЕЮІ
Тіршілікті қамтамасыз ететін тірі организмге тән қасиеттердің бірі -
кӛбею немесе репродукция. Кӛбею процесінде генетикалық материал ата-
анасынан келесі ұрпаққа беріледі және соларға ұқсас ұрпақтар дамып 
жетіледі. Кӛбею түрлерінің классификациясы жасушаның бӛліну типіне 
негізделген және екі түрге ажыратылады (9 кесте): 
1. Митоздық немесе жыныссыз; 2. Мейоздық немесе жынысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет