Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет103/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары 
ветсанитариялық шара-
ларды және жануарларды күту, азықтандыру технологиясын қатаң орындау-
дан тұрады. Ауруға шалдыққандарын оқшаулап жояды. Індетті дауалау 
мақсатында аналық жануарлардың саулығы қатаң қадағаланады.
Тешен ауруы 
(Encephalomyelitis enzootica suum, энзоотический энце-
фаломиелит, инфекционный паралич) – орталық жүйке жүйесінің жарақатта-
нуынан туындалатын салдану, аяқтарына тұра алмау, бұлшықеттердің 
тырысып қалуымен, басқа да энцефаломиелит белгілерімен сипатталатын
жіті өршитін инфекциялық ауру. 
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы (Porcine enterovirus) энтеровирус тұқым-
дастығына жатады. Вирус төменгі температурада ұзақ сақталады. Тиімді 
дезинфектанттар ретінде 2-3%-ды формальдегид, күйдіргіш натр ерітінділері 
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде ауырып-жазылған до-
ңыздар 1 жылға дейін ауру қоздырушысын тасымалдаушы ретінде қалатыны, 
індеттің негізінен күзде, көктемде спорадиялық жағдайда кездесетіні еске-
ріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і аурудың өршуіне байланысты. Жіті 
өршуінде энцефалит фонында организмнің жалпы салдануы байқалады. 
Ауырған торайлардың өлімге шалдығу пайызы өте жоғары (70-90%). Ересек-
терінде инфекциялық процесс созылмалы түрде байқалады. Оларда энцефа-
лит белгілері өте аз байқалады, бірақ қозғалулары қиындап, кейбір жағдайда 
артқы аяқтарының салдануы анықталады. Барлық жағдайда ауырып-жазыл-
ған доңыздардың аяқтары ақсақ болып қалады.
Аурудың нақтылы балауын растау қажеттілігі болған жағдайда 
лабораториялық зерттеуге патологиялық материал ретінде 30% глицерин 
ерітіндісінде консервацияланған мишықтың, сопақ мидың және жұлынның 
кесінділері мұзы бар арнайы термоспен жіберіледі. Ретроспективті балау қою 
үшін ауырып-жазылған доңыздардың қан сарысуы серологиялық әдістермен 
(КБР, ИФТ) зерттеледі. Аурудың бастапқы кезеңінде және ауырып-жазылған 
кезде антидене титрлерінің динамикада 3-4 есе өсуі Тешен ауруының 
диагнозын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет