206
iндеттанулық зерттеу” әдiстемелерін басшылыққа ала отырып) iндет ошағы-
ның (қажет болған жағдайда оның ядросының), қатер төнген аймақтың, сау
емес пункттiң шекаралары iндет ошағы анықталған әкiмшiлiк территория-
лары бойынша емес, ауру мал табынының (отарының) орналасуына байла-
нысты, яғни iндет процесiнiң негiзгi буындарының бiр-бiрiмен әрекеттесу
мүмкiндiктерi бойынша анықтау. Iндет ошағынан арылу мақсатында жүргi-
зiлетiн ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық және арнайы
шараларды iндет процесiнiң негiзгi буындарына нақтылы бағыттай алатын,
тиiмдi жоспар құру. Зерттеу материалдары негiзiнде дайындалған сау емес
пункттi iндеттанулық зерттеу актiсi және iндет ошағынан арылудың жоспары
арнайы құжат түрiнде толтырылып, қосымшалар ретiнде күнделiкке тiркелуi
қажет.
3.4. Көктемгi немесе күзгi жоспарлы түрде жүргiзiлетiн топалаңға,
туберкулезге, бруцеллезге, маңқаға, лептоспирозға, пуллорозға қарсы балау-
лық зерттеулерге және топалаңға, аусылға, қарасанға, шешекке, обаға,
ньюкасл ауруына, парва, одено вирустар тудыратын инфекцияларға қарсы
арнайы шараларды (қан алу, иммундеу, дезинфекция, т.б.) орындауға
қатысып, серологиялық зерттеулерге малдан жаппай қан алуды, аллергиялық
зерттеудi (зертханалық, тәжрибелік сабақтарда меңгерген әдістемелерді
басшылыққа ала отырып) меңгеру. Iстелген жұмыстарды күнделiкке түсiрiп,
вакцинация мен қан алуға актiлер, ведомостар толтыру.
3.5. Мал және олардың өнiмдерiне қатысты ветеринария-санитариялық
объектiлермен (карантиндiк оқшаухана, мал төлдейтiн қора, қасапхана,
биотермиялық апан, ветсанитариялық жiбергiш, дезинфекциялық тосқауыл,
т.б.) танысып, олардың функцияларының дұрыс орындалып, орындалмауын
талдау, бағалау.
3.6. Мал қораларын, серуендеу алаңдарын, басқа да ветсанитариялық
объектiлердi механикалық тазалау, дезинфекциялау мал өнiмдерiнiң қалдық-
тарын зарарсыздандыру тәсiлдерiн меңгеру.
3.7. Ветеринариялық лаборатория жағдайында патологиялық материал-
дардан алынған түрлi сынамаларды: бактериологиялық, серологиялық,
вирусологиялық, биохимиялық әдiстермен зерттеудi арнайы нұсқауларға
сәйкес, лаборатория мамандарының жетекшiлiгiмен меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: