Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Малдан жаппай қан алуды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет19/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Малдан жаппай қан алуды ұйымдастыру. 
Жануарлардан жаппай қан 
алу алдында лабораториялардан жеткiлiктi мөлшерде стерильденген, арнайы 
мақтамен тығындалған пробиркалар әкелiнедi. Барлық пробиркалар 
нөмірленеді. Қан алу ведомостары толтырылады. Онда малдың инвентарлық 
номерлерi, болмаса мал иесiнiң аты-жөнi, малдың жынысы, жасы, түрi 
тексерiлетiн реакциялар көрсетiлiп, қан алған мал дәрiгерiнiң аты-жөнi 
жазылады. Сонымен қатар алдын ала қан алатын инелер жуылып тазаланып, 
қайнату арқылы стерильденедi.
Қан алу кезiнде қан тамшыларының жерге түспеуi қадағаланады. Қанды 
сарылдатпай, көпiршiктетпей пробирканың қабырғасына жанастырып алу 
қажет. Әсiресе қысқы уақытта пробирканың жылы және құрғақ болуы 
мiндеттi. Мүмкiндiгiнше, қанды тамшылатпай алу қажет. Тамшылатып 
алынған қан көбiнесе гемолизденедi. Ондай қан зерттеуге жарамсыз 
саналады.
Қан алынғаннан кейiн пробирка этикеттелiнiп, 30-35
0
С-да 30 минут 
ұсталуы қажет (әсiресе қысқы мерзiмде). Одан кейiн ұйыған қанды пробирка 
қабырғасынан арнайы сым арқылы ажыратып (әр пробиркадағы қанды 
өңдегеннен кейiн сым немесе шыны таяқша мақтамен сүртiлiп, спиртовкада 
қыздырылып, стерильденедi), салқын жерде қан сарысуы бөлiнiп шыққанша 
ұстайды. Жоғарыдағыдай тәсiлмен гемолизденбей, ұйыған қаннан ажыра-
тылған қан сарысуы лабораторияға арнайы ведомость толтырылып 
жiберiледi.
С и ы р д а н қ а н а л у. Қан мойынның күре тамырынан, мүмкiн-
дiгiнше таңертең азықтандырудан бұрын алынуы қажет. Қан алынатын терi 
аймағы арнайы қырқылып, 3%-ды фенол ерiтiндiсiмен немесе 70%-ды спирт 
ерiтiндiсiмен сүртiледi.
Әр малдан қан алуға жеке ине қолданылуы шарт. Фермаларда қан 
арнайы жабдықталған станоктарда, болмаса малдың байлаулы тұрған 


29 
жерiнде алады. Алдымен күре тамырды резина түтiкшемен қысып байлап, 
резина түтiк арқылы пробиркамен байланысқан иненi күре тамырға енгiзедi.
Қан алуға арнайы мықты орнатылған бағаналарды пайдалануға болады. 
Техникалық қауiпсiздiктi сақтау үшiн қан алу кезiнде бас бармақпен 
сиырдың мүйiзi басылып ұсталып тұруы керек.
Алынған қан қыс кездерiнде бөлме температурасында 1-2 сағат 
мөлшерiнде қаннан сарысуы бөлiнiп шығу үшiн ұсталуы керек. Пробиркада 
ұйыған қанды арнайы стерильдi түтiкше арқылы оның қабырғасынан 
ажыратып, қан сарысуының бөлiнiп шығуын қадағалау қажет. Қан сарысуы 
лабораториялық зерттеуге жiберiлгенше салқын бөлмеде сақталады.
Қ о й д а н қ а н а л у. Қойдың күре тамырын резинамен қыспай, 
саусақ арқылы басып тұрып қан алуға болады. Көбiнесе ыңғайлы болу үшiн 
арнайы үстелге жатқызып алады.
Д о ң ы з д а н қ а н а л у. Құлақ тамырынан немесе құйрығынан 
алады.
Қ ұ с т а н қ а н а л у. Құстан қан жаппай арнайы шаралар жүргiзген 
кезде алынады. Ол жайында арнайы құс аурулары бөлiмiнде толық 
көрсетiледi. 
Ж ы л қ ы д а н қ а н а л у. Жылқыдан қан алу сиырдыкiндей. Тек 
қана жылқыны үркiтпей көзiн жауып тұрып, мұрындық салып еппен алу 
қажет. 
Қ а н с а р ы с у ы н к он с е р в а ц и я л а у. Қанды алғаннан кейiн 
лабораторияға жiберу мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, ұйыған қаннан 
бөлiнген сарысуды стерильдi пробиркаға құйып алып, 5%-ды фенолмен (1 
см
3
консервант 9 см
3
қан сарысуына қосылады) немесе құрғақ бор 
қышқылымен консервацияланады (скальпель ұшымен бор қышқылы сарысу-
ға қосылады).
Алынған қанға жолдама құжат толтырылып, лабораториялық зерттеуге 
жiберiледi. Қанға жолдама құжат толтыру үлгiсi төмендегідей.
 
Үржар аудандық ветеринария лабораториясының бактериология бөлi-
мiне. Үржар ауылы, Архатбаев көшесi №36 үй.
ЖОЛДАМА ҚҰЖАТ 
Реттiк
№ 
Шаруа-
шылық, 
ферма, 
мал 
иесiнiң 
аты-жөнi 
Жасы, 
жынысы
Инвен-
тарлық 
нөмiрi 
Зерттеу нәтижелерi 
АР 
КБР
оң, 
терiс, 
күдiктi 
ИФТ 
Оң, 
терiс, 
күдiктi 
Титр
лерi 
Оң, 
терiс, 
күдiктi 
Тит
рле-
рi 
Қан сынамаларын жiберген Зерттеу жүргiзген серологтың 
мал дәрiгерi (аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы)


30 
Е с к е р т у: жолдама құжатта қанның алынған уақыты, қандай 
ауруларға зерттелу қажеттiлiгi, вакцинамен егiлiп, егiлмегендiгi, бұл жылы 
осы табыннан не отардан нешiншi рет қан алынғаны және аурудың балауын 
объективтi қоюға қажеттi басқа да қажеттi деректер көрсетiлуi тиiс. 
5-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет