164
Жүргізу орны және әдістемесі
. Сабақ клиникада немесе шаруашы-
лықта жүргізіледі. Студенттер індеттанулық, клиникалық балау деректерін
талдап, аллергиялық зерттеу әдістемелерін меңгеріп, ішектен жағынды алуды
үйренеді.
Індеттанулық балау
қойғанда сиыр малынан басқа бұл аурумен жұп
тұяқтылар (түйе, қой, ешкі, бұғы, қодас, зебу, киік) ауыратыны ескерілуі
қажет. Паратуберкулез қоздырушысын жоғарыда көрсетілген малдардың
тасымалдаушысы ретінде болатыны ескеріліп, сырттан шаруашылыққа
аналық мал тобын толықтыруға арналып алынған малдардың болып-
болмағаны анықталады.
Аурудың айтарлықтай маусымдылығы жоқ, көбінесе кальций, фосфор
элементтері тапшы сазды аймақтарда кездеседі. Негізгі жұғу жолдары али-
ментарлы.
Сырттан мал әкелінген жағдайда ол аймақтың бұл аурудан індеттік
ахуалы нақтыланады. Сонымен қатар шаруашылықтың мал азығымен
қамтылғаны, оның құнарлығы, рационда концентраттар мен шөптің, басқа да
минералды азықтардың баланстары зерттеледі. Аурудың спорадиялық
жағдайда, әсіресе қыс айларында 3-5 жастағы малдарда анықталатынына мән
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: