Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі.
Азот тепе-теңдігі
Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен тамақтанғанда).