Негізгі бөлігі нәрсенің



бет3/4
Дата21.05.2020
өлшемі72,88 Kb.
#70151
1   2   3   4
Байланысты:
оптикалык аспаптар

Үйектегіш микроскоп 

Үйектегіш микроскоп — минералдар мен тау жыныстарын зерттеуге арналған оптикалық құрал. Үйектегіш микроскопты алғаш ағылшын ғалымы Р.Сорби жасаған (1858). Биологиялық микроскоптан айырмашылығы оның құрылысында мөлдір Исландия шпатынан жасалған екі призма (николь) бар. Оның біреуі микроскоп үстелшесінің астында орналасқан үйектегіш, ол жарықты бір жазықтықта үйектейді. Үйектелген жарық тастілімге түскенде, құрылыс ерекшелігіне қарай тербеліс бағытын өзгертпейді немесе тербелістері бір-біріне перпендикуляр және жылдамдықтары әр түрлі екі сәулеге бөлінеді. Бұл сәулелер объективтің үстіндегі екінші призмаға (талдағыш) келгенде бір жазықта тербеліп, бір-біріне әсер етіп, қосарланып сыну шамасына сәйкес интерференциялық түс береді.

Үйектегіш микроскопты пайдаланып, тау жыныстарының минералдық құрамын, мөлшері мен өлшемін, пішіні мен бір-бірімен қарым-қатынасын, өзгерістерін, құрылымын, қалыптасуын, т.б. анықтауға болады. Минералдарды шоқталған жарық көмегімен үйектегіш микроскопта зерттеу үшін үйектегіштің үстіне Лазо линзасы, ал оптикалық қасиеттерін кеңістікте зерттеу үшін Федоров үстелшесі орнатылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет