Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
Б) Инфекция түрлері және оларға сипаттама
С) Иммунмитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Вирус- тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден сондай ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейіп қарағанда,оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын бес жүздей, ал өсімдіктерді уландыратын үш жүзден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустарлың табиғаты ерекше. Оларда әр тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, көбеюдің ерекшеліктері, нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді.
Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың бактериялар вирусының ашылуы әсер етті. Вирустардың әртүрлі жасушаларды, тіндерді, ағзаларды таңдамалы зақымдауы спецификалық рецептордың болуымен байланысты. Мұндай құбылыс тропизмдік деп аталады. Мысалы, бауыр жасушаларында өсіп-өнетін вирустарды –гепатотроптылар, нерв жасушаларында нейротроптылар деп атайды және т.б.
Вирустың жасушаға енуі.
Бұл процесс жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:
ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішінде қарай ауысуы;
Вирустық бөлшектің эндоцитозы, нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады;
Цитоплазматикалық мембрананың вирус қабыршағымен бірігуі. Қабыршақсыз вирустар жасушаға алғашқы екі механизм көмегімен енеді. Қабықшалы вирустар жасушаға цитоплазмалық мембранамен бірігуі жолымен енеді.
Вирустардың жасушаға осындай жолмен енуінің ерекшелігі жоқ. Жасуша өзінің тіршілік етуіне қажетті көптеген басқа заттектерді де тасымалдау үшін пайдаланады. Пиноцитоз механизмі бірнеше кезеңдерден тұрады. Вирус жасушаның беткейлік ақуыздарындағы «қоршалған рецепторлық ойшықтар» деп аталатын, ерекше учаскеде орналасқан рецепторлармен айланысады. Бұл ойшықтардың түбі ерекше ақуыз клатринмен жамылған, ол қылшықша тәріздес және көпқырлы торша құрылым. Клатрин жасуша ішінде мембрананың фрагменттерін тасымалдауда шешуші рөл атқарады деп есептеледі. Дегенмен, соңғы кезде, мысалы, грипп вирусы, белсенді клатрин болмаған жағдайда да жасушаға еніп кете алады деген мәліметтер бар. Жасуша беткейіндегі рецепторлық учаскемен беріктеу байланысуы жасушалық мембрананың вирус бөлшегінің айналасына «оралуын» қамтамасыз етеді, яғни инвагинациялану басталады. Осындай үрдістің нәтижесінде ішінде вирус бөлшектері бар вакуольдер пайда болады да, олар жасушаның плазматикалық мембранасының бөлініп шығады. Осындай вакуольдер цитоплазмалық ірі вакуольдермен эндосомалармен, содан кейін лизосомалардың қосылып бірігеді. Лизосомалар ол жасушадағы әртүрлі компонентердің ыдырауын реттеуге қоректі ферменттер жиынтықтарынан тұратын жасушалық органеллалар. Қабықшалы вирустардың жасушаға ену үрдісі вирусспецификалық және вирионның сыртында орналасқан тіркеуші ақуыздармен бақылауланады. Жасушаға вирус енгеннен кейін эндосомаларда ортаның рНы күрт төмендейді де вирион қабықшасы эндосомальды мембранамен қосылады және вирустық нуклеокапсид босанып, цитоплазмаға шығу аяқталады. Іс жүзінде барлыққ қабықшалы вирустар үшін олардың беткейлік гликопротеиндеріндегі конфармациялық өзгерістер нәтижесінде эндосомалар ішінде рН қышқыл болуы керек, тек қана АИВ кезінде басқаша болады. Басқа қабықшалы вирустар сияқты ірі бастауыш гликопротеин gp 160 ыдырап gp 120 және gp 41 пайда болған кезде оның біріктіруші пептиді босанып шығады. Сонымен қосылып бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар:
Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады;
Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді;
Құрылымына біріктіруші пептид болады. Қабықшасыз вирустарды да жасушаға ену процесі олардың ақуыздарындағы конфармациялық өзгерістермен байланысты. Вирустар тиісті жолмен жасуша ішіне енгеннен кейін шешіну сатысы басталады.
Вирустардың шешінуі.
Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немес РНҚің босанып шығуы. Қабықшасыз вирустардың да шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Дегенмен, қазіргі кезде келесі жағдайлар белгілі болып отыр. Эндосомалардағы қышқыл орта вирион капсидіне конформациялық өзгерістер тудырады, нетижесінде вирион беткейінде жетілген вирус бөлшегінде болмайтын гидрофобты домендер бөлініп шығады. Осындай домендердің эндоплазмалық мембранамен өзара әсерлесуі қуыстар пайда болуға әкелуі мүмкін. Осы қуыстар арқылы вирус геномы цитоплазмаға түсед, яғни қабықшасыз вирустарда шешіну процесі жасушалық мезосомалық ферменттердің және вирустық ақуыздардың қатысуымен атқарылады. Айта кету керек, шешінудің осындай механизмнің вирустардың табысты репродукциялануын қамтамасыз ету үшін бірқатар артықшылығы бар. Өйткені, біріншіден, беткейлік гликопротеиндердің эндосомалар мембранасымен бірігу процесі, жасуша беткейінде қабықшалық вирустық гликопротеиндердің экспонирленуінен және оларды иммундық жүйе танып алудан құтылуға мүмкіндік береді, және екіншіден эндосомалық мембрананың лизистенуі, плазматикалық мембрананың лизистенуіне қарағанда, жасушаға әлдеқайда аз зақымдаушы әсер етеді. Нулеин қышқылы босанып шыққаннан кейін ол репликацияланатын және трансляцияланатын орынға, яғни, ядро немесе цитоплазмаға жеткізілуі керек. Нуклеин қышқылының тасымалдануы көбінесе вирион жүрекшесінің вирустық ақуыздарымен атқарылады. Вирустық ақуыздар ғана нуклеин қыщқылдарының тасымалдауға арналған тиісті сигналдық реттіліктер болады.
Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.
Жаңа вирустық бөлшектер ол жұқтырылатын жасуша болмайтын вирустық нуклеин қышқылының және вирустық ақуыздардың барлық молекулаларының жиынтығы. Осындай нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың жаңа молекулаларының пайда болуы жасушада вирус репрадукциялануының маңызы кезеңінің бірі болып табылады. Вирустарлың ерекшелігі сол жасушада вирион компоненттері жеке жеке синтезделеВирустарлың ерекшелігі сол жасушада вирион компоненттері жеке жеке синтезделеді содан кейін олар бірігіп қосылып жетілген вирус бөлшегін құрайды, оны дисъюнктивті көбею тәсілі деп атайды. Вирус жұққан жасушада вирустың НҚы мен вирустық ақуыздардың синтезделуі бір уақытта емес және әр жерде жүруі мүмкін.
Вирустық нуклеин қышқылдарының транскрипциялану және трансляциялану процесі әрі вирустық, әрі жасушалық факторлардың «қатал» бақылауында болады. Вирустардың репродукциялануы кезінде ақуыз синтезделуі екі кезеңнен тұратыны белгілі. Тыныштық жағдайда тұрған кейбір жасушаларда вирустардың репродукциялануын бастау үшін қажетті факторлары болмауы мүмкін инфекция жасырын күйінде қалады; бірқатар факторлардың концентрациясының төмен болуына немесе мРНҚның синтезделуін ингибирлейтін ақуыздардың артық болуына байланысты басқа жасушаларда вирустардың көбею жылдамдығы шектеулі шектелуі мүмкін. Барлық жағдайларда вирустардың репродукцмялануы үшін иесінің жасушаларының жағдайы да маңызы рөл атқарады.
Вирус ақуыздарының түзілуі.
Жасуша ішіне енгеннен кейін вирус геномы екі түрлі ақуыздардың синтезін бастайды: құрылымдық емес ақуыздар, олар вирустың жасуша ішіне репродукциялануын әртүрлі кезеңдерде қамтамасыз етіп отырады; құрылымдық ақуыздар олар вирионның ішіне кіреді. Жасуша ішіндегі ақуыз синтезі белгілі транскрипциялану әдісімен өтеді, ақпараттық РНҚтық нуклеин қышқылынан нуклеоиті ізділікке генетикалық ақпаратты «көшіру» арқылы және трансяциялану рибосомаларда иРНҚның көмегімен ақуыз түзу басталады.
Вирустардың қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |