Негізгі бөлім Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі27,94 Kb.
#186507
1   2   3   4
Байланысты:
биотехнология реф

2.2. Ағаштарды жіктеу.
Оларды екi қосымша класқа жіктейді: Vа – желегі әлi тiрi ағаштар; Vб– әлi де тамырында тұрған, қурап бара жатқан немесе қураған кiшкене ағаштар.
Крафт жiктеуiн орманды күтiп-баптау кесулерiнде, сондай-ақ зерттеу жұмыстары кезiнде кеңiнен пайдаланылады.
Бұл жiктеудiң артықшылықтары: 1) таза бiрыңғай жасты ағаштардың дифференциациялануының мәнiн көрсетедi; 2) пайдалануы бiршама қарапайым және ыңғайлы; 3) төменгі күтiп – баптау кесу әдiсiнде ағаштарды кесуге дұрыс тағайындауға көмектеседi.
Жiктеудiң кемшiлiгіне мыналарды жатқызуға болады: 1) бiрыңғай сүрекдiңдердiң түрлi биотоптары үшiн кластардың субъектiлiгi және бiр мәндiлiгi; 2) қолданылуының шектеулiгi (тек таза және бiрыңғай жастағылар, көбiне қылқанды ормандар үшiн); 3) жоғары өнiмдi күрделi және қалың алқа ағаштарда қолданылауының қиындығы.
1950 ж. В.Г.Нестеров ағаштарды өсуi және дамуы бойынша жіктеуін ұсынады. Өсудің үш класының әрқайсысының шегiнде ол даму бойынша екi қосымша класс бөлiп шығарды:
I класс - өсуі күштi ағаштар; а) өсуі бәсең ағаштар, б) тез дамитын ағаштар.
II класс – орташа, бәсең өсетiн ағаштар; а) өсуі бәсең ағаштар, б) тез дамитын ағаштар.
III класс – ұсақ, өсуі кешеуiлдеген ағаштар; а) дамымаған ағаштар, б) өте кешеуiлдеген, қурап бара жатқан және қураған ағаштар.
Нестеровтың жiктеуi сүректi ағаш түрлерінің кезең бойынша дамуы әлi аз зерттелгендiктен және ағаштардың нақты физиологиялық жағдайын анық бiлу үшiн сенiмдi сыртқы белгiлер қойылмағандықтан кең тарамады.
Осы себептер бойынша М.Д.Данилов, П.В.Воропановтардың және т.б. ағаштардың өсуi және дамуы (сатылық жағдайы) бойынша жiктеулерi қолданыс таба алмады.
Крафт жiктеуiн жақсартуға талпынып және таксацияда қолданылып жүрген (Н.В.Третьяков, А.В.Тюрин және т.б.) таза, бiрыңғай сүрекдiңдерде ағаштардың табиғи жуандық сатылары бойынша бөлiну заңдылығын пайдалана отырып, Б.Д Жилкин 1940 жылы бiрiншi, ал 1965 жылы ағаштардың өнiмдiлiгi бойынша түпкiлiктi вариантын жасап шығарды. Ағаштардың қай класқа жататындығы кеуде тұсы биiктiгiндегi олардың диаметрімен анықталады.
Жилкин жiктеуiнiң ұтымды артықшылықтары:
1) дәл математикалық есептерге негiзделген ағаштардың нақты жiктеуi болып табылады;
2) сүрекдiңдегi жуандық сатылары бойынша ағаштардың табиғи орналасуына сәйкес келедi;
3) күтiп-баптау кесулерi кезiнде ағаштарды кесу үшiн тағайындауға көмектеседi.
Кемшiлiктерi:
1) ағаштарды өнiмдiлiк кластары бойынша бөлуден бұрын мiндеттi түрде санақ деректерiн камеральды өңдеу жүргiзiлуі қажет;
2) кез келген ағаштың нақты өнiмдiлiгi әр кезде тек диаметрмен ғана анықталмайды;
3) сүрекдiңнiң орташа диаметрінің әр өзгеруi кезiнде өнiмдiлiк кластарының динамикасын есептеудiң және сараптаудың күрделiлiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет