Негізгі бөлім: Жел энергетикасы



бет3/4
Дата07.12.2022
өлшемі198,8 Kb.
#161790
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-95713

Баламалы энергия көздері – мемлекет байлығы


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында бұл мәселеге ерекше назар аударылған. Онда Елбасы «Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді. Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық» деген еді.
Жалпы энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр, өйткені әлемнің өнеркәсібі дамыған мемлекеттерінде энергияны үнемдеу ісі дұрыс жолға қойылған. Себебі, көмір және көмірсутегін пайдалану арқылы энергия өндіретін жылу электр станциялары экологияның бүлінуіне әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Осыны есепке алған елдер экологиялық проблемалар тудырмайтын, қайта қалпына келетін (күн, жел энергиясы, т.б.) энергия көздерін дамытуға көңіл бөліп отыр.
Әлемдегі осы үдерістің тиімділігін ерте байқап, оны Қазақстан жағдайында қолдануды көздеген Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,– деген еді. Бүгінде бұл тарапта елімізде істеліп жатқан істер өз нәтижесін көрсете бастады. Қазақстанда дәстүрлі емес қайта өңделетін энерги көздерінің (жел энергиясы, күн энергиясы, биоотын, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, су энергетикасы) барлығы табылады. Тек соларды орынымен тиімді пайдалана білсек, арзан электр энергиясын өндірумен бірге еліміздің экожүйесін сақтауға мүмкіндік мол. [7]
Соңғы жылдары елімізде күн, су және жел энергетикасы саласындағы 72 нысан жылына 1,3 млрд КВт/сағаттық энергия өндірген көрінеді. Мұның себебі, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті жоғары. Сарапшылар Қазақстанда жел энергетикасының әлеуеті – жылына 920 КВт/сағат, су энергетикасының әлеуеті - 620 КВт/сағат, күн энергиясының әлеуеті еліміздің оңтүстік өңірлерінде 2500-3000 КВт/сағатты құрайтынын айтады. Осыны тиімді пайдалану арқылы, еліміздегі баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергияның көлемі соңғы 10 жылда 8 есе өсіпті. Энергия өндіру жөніндегі кейбір көрсеткіштер бол салада дамудың деңгейін көрсетеді. Мәселен, 2009 жылы 140 КВт/сағаттық 8 су электр станциясы болса, 2019 жылы келіп, оның жалпы мөлшері 680 МГВт қуаты бар нысанға жеткені белгілі болды. Соңғы 10 жылда күн электр стансаларының әлеуеті су электр станцияларынан басым түскен. Мысалы, бүгінгі таңда бір ғана Қызылорда облысында күн, су және жел энергетикасы саласындағы 72 нысан жылына 1,3 млрд КВт/сағаттық энергияны өндірген көрінеді.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды.
Соңғы жылдарда еліміздегі энергия көздері арқылы өндіруге болатын электр энергиясының ресурстары есептеліп, оны өндіру мен пайдалануға байланысты жобалар жүріп жатыр. Бұл орайда арнайы мамандар Қазақстандағы теориялық жел әлеуетінің – жылына 1820 млрд кВт сағат,, гидро­энергетиканың әлеуетінің – жылына 30 млрд кВт сағат, күн энергетикасының әлеуетінің – жылына 2,5 млрд кВт екенін есептеп шығарған.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан дәстүрлі де, баламалы да энергия көздеріне бай елдердің бірі. Тек соны тиімді жобалар арқылы өндіріп, ел игілігіне жаратсақ, мемлекет байлығы халықтың игілігіне қызмет ететіні сөзсіз. [8]


Қорытынды
Қорытындылай келе, бүкіл әлемде энергетика саласы қарқынды даму барысында,себебі бүгінгі таңда энергетикасыз әлемді елестету мүмкін емес. Алайда, дәстүрлі энергетика қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді,экологияны ластайды. Сол себепті барлық мемлекеттер баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдап отыр. Баламалы энергетика – энергетиканың зиянды қалдықтарсыз дамуының кепілі. Альтернативті энергия көздерін пайдалана отырып,шикізатты сатып алу-тасымалдаудың,қалдықтарды шығарудың қажеті болмайды,оның ластаушы қалдықтары жоқ,табиғи ресурстар үнемделеді,отын, электр қуатының шығындары қысқарады. Баламалы энергетика Қазақстанда да даму барысында. Осыған орай, 2017 жылы Елордада «Болашақ энергия» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облыс электр энергиясына деген сұраныстың 40-50%-ын жабуға мүмкіндік береді.
Заманауи талапқа сәйкес еліміздің климатына сай баламалы энергия көздерін қолдану арқылы дамыған қуатты елдердің қатарына кіреміз деген үміттеміз. Сол мақсатта қоршаған ортаға зиянсыз әрі қалдықсыз технологиялар көзіне баламалы энергия көздерін жатқызуға болады. Дамыған елдердің барлығында баламалы энергияны қолдану арқылы дамыған қуатты мемлекетке айналып отырғаны белгілі. Жамбыл облысының аймағы баламалы энергетика көздерін қолдануға ыңғайлы болып келеді. Сондықтан да баламалы энергия көздерін қолдану арқылы біз өлкеміздің экономикасын дамыта отырып, әлеуметтік жағдайды көтеріп, экологияны жақсартуға үлес қосамыз. Артық орын алып отырған күн, жел энергияларын тиімді пайдалануға және ауылшаруашылығынан, мал шаруашылығынан шығып отырған қалдықтарды биогазбен дұрыс алмастыра отырып қалдықсыз ортаға айналуға себепші боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет