Негізгі бөлім мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі



бет7/8
Дата15.05.2020
өлшемі40,45 Kb.
#68746
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жаңа білім беру процесін іске асыруда мектепке дейінгі ұйымдарда

ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста инновациялық технологияларды қолдану жұмыстың әдістері мен формаларын, мазмұнын түрлендіруге, күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлеу тілін жетілдіруге, диалог пен монологті сурет, сызба бойынша құрастырып айта білуге мүмкіндік береді. Баланың есте сақтау, зейін, ойлау, елестету, қабылдау, танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Тәрбиеші-бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.

Сондықтан жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

Бұл ғылыми педагогикалық еңбектердiң құндылығы олардың өте бай архивтiк материалдар негiзiнде жазылғандығында және республикамыздағы мектепке дейiнгi ұйымдардың iс-тәжiрибесiнiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдiс-тәсiлдерiн жаңартуда басшылыққа алатын оқу-әдiстемелiк құралдары мiндетiн атқаруында.

Қоғамды жаңғырту және демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән рухани өмірінің қайта саралануы, өткеннің мәдени–тарихи мұрасын қайта өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық ашылып берілмеуі, білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды, авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу–әдістемелік кешендерін заман талабына сай дайындап отыруымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет