Иллюстрацияларды(сызуларды, карталарды, графиктерді, сызбаларды, компьютерлік басылымдарды (распечаткаларды), диаграммаларды, фотосуреттерді) диплом жұмысында, олар алғаш рет айтылатын немесе келесі бетте, мәтіннен кейін тікелей орналастыру керек. Иллюстрациялар компьютерлік орындауда, оның ішінде түрлі түсті болуы мүмкін. Иллюстрациялардың барлығына диплом жұмысында сілтемелер берілуі тиісті емес. Сызуларды, графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды компьютерлік баспаны пайдалану арқылы орындауға рұқсат етіледі. А4 форматтан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс. Қосымшалар иллюстрацияларын қоспағанда, иллюстрацияларды толассыз нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеу керек. Егер сурет біреу болса, онда ол «1-сурет» болып таңбаланады, «сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді (К қосымша). Иллюстрациялар қажет болған кезде, атауға және түсіндірме деректерге (сурет астындағы мәтінге) ие болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірме деректерден кейін орналастырылады. Әрбір қосымшаның иллюстрациялары бөлек нөмірлеумен латын алфавитінде бас әріптермен таңбаланады. Иллюстрацияларға сілтемелер жасау кезінде «2-суретке сәйкес ...» деп жазу көзделеді.