әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.
Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
3. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын экономикалық жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық құбылыстарды, құқықтану заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.
Қоғамды біртұтас жүйе ретінде алып қарайтын жалпы ғылымдар деп аталады ( оған тарих пен әлеуметтану жатады), ал қалғандары жеке қоғамдық ғылымдарғы жатады, себебі олар олар жеке қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің зерттеуін жүргізеді.