Капитал[ (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған.