Бұл жеке тұлғаның, сондай-ақ бүкіл ұжымның даму динамикасын көруге, оның нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге болатын және жеке тұлғаның өздігінен дамуына толық мүмкіндік жасайтын теориялық білімнің тұтас, педагогикалық процестің практикасында жүзеге асырудағы реттелген іс-әрекеттің жиынтығы.
Педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.
Педагогикалық технологияның негізгі сапалық ерекшеліктері:
-концептуалдық негізінің болуы: әрбір педагогикалық технология білім беру мақсатына жетуге негізделген философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық нақты ғылыми тұжырымдамаға арқа сүйеуі қажет;
-жүйелілігі: педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы шарт;
- басқаруға оңтайлығы: оқыту процесін жоспарлау, диагностикалық болжау, мониторингтік бағалау, түзетулер енгізу мақсатында әдіс-тәсілдер мен құралдарды түрлендіріп отыруы қажет;
- тиімділігі: білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс; -
қайталауға жарамдылығы: педагогикалық технологияны басқа білім беру мекемелерінде, басқа ұжымда пайдалануға мүмкіндіктің болуы
|
тәрбие процесіне қатысушыларды барынша жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету барысында нақты нәтижелерге жету мақсатымен түзетулер, бағдарлау, ұйымдастыру, жобалау (жоспарлау) бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен қызметінің жүйесі. Тәрбие технологиясы шамамен алғанда педагогикалық тәсілдің, оның тәрбиелік әдісінің аяқталған бөлігі. Сонымен бірге әрекет ретінде ол түрлі әдістерге жанасуға бейім тұратын өзіндік құбылыс. Әрекет сияқты тәсілдің де шешетін мәселесі тәрбие қызметін айқындаушы және оның себептерімен арақатынаста болатын болса, оның мәртебесі артатын болады.
жекелеген процестердегі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі, тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнату тәсілі, педагогикалық диагностика тәсілі және т.б.
Қазіргі тәрбие технологиясының талаптары:
1. Жеке тұлғаның санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі – тәрбиеге кешенді түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесі міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты кешенді сипатта болуы қажет.
5. Тәрбиеге кешенді түрде қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы тәрбиешінің айқын түсінігі болуы шарт.
|