Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, ұстаз үшін – ол басқа балаларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол бағынбайтын сотқар бала. Қиын балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Қиын балалардың мінез-құлықтары: сенімсіздік, көңіл-күйі бір қалыпты емес, ашуланшақ болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады. Жоғарғы сыныптағы жасөспірімдердің мінез-құлқы – өз бетінше өмір сүруге, өзі шешім қабылдауға, өмірге көзқарасы, қызығушылығы өзгереді. Олар өзінен үлкен адамдардың ақыл-кеңесін тыңдаудан бас тартады.
|
Девианттық мінез-құлықты балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама-қайшы, теріс іс-әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызуға болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек ұстаздар емес, дәрігерлер де бақылауы керек. Сонымен қатар, қиын да девианттық мінез-құлықты балаларды сөз етсек, олардың ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: заңды күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасыз қалған балалар; бейәлеуметтік жағдайы нашар отбасыларда тәрбиеленген балалар; әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін балалар. Девианттық мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай, ондай бала бір жағынан өмірлік қиын жағдайды немесе әлеуметтік қауіпті жағдайды өзгертуге, екінші жағынан оның әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық мәселелері мен қиындықтарын шешуге бағытталған көмекті қажет етеді
|
Тыңдамайтын, жаман жауап беретін, іс ойдағыдай болмаған кезде ашуланатын балалар, жалған сөйлейтін балалар... Бұл мінез-құлық ата-аналар мен тәрбиешілерді басып озады, олар кейде оларды қалай басқаруды білмейді және жағдайды басқарудан қалады. Біз бұл жағдайларды қалай шешетінімізді білмейтін сәтте, шынымен де проблемалар туындайды. «Бұл отбасылық өмірге, мектеп өміріне әсер етеді, шиеленісті жағдай туғызады, ол балаға да, жағдайды шешуге де көмектеспейді.
|
|