Педагогикалық білім университеті – ата-аналарға психологиялық-
педагогикалық білім беру формасы. Ата-аналарды қажетті біліммен, негізгі педагогикалық мәдениетпен қаруландырып, олардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие берудің өзекті мәселелерімен таныстырады. Ата-аналардың қалың көпшілікпен, отбасының мектеппен қарым-қатынас жасауын, сондай-ақ тәрбие жұмыстарын жүргізуде ата-аналар
мен сынып жетекшісінің өзара әрекеттестігіне мүмкіндік жасайды.
Конференция –бала тәрбиесі жөніндегі білімді кеңейту, тереңдету және
бекітуді көздейтін педагогикалық білім беру формасы. Конференциялар жылына бір рет өткізіледі, олар жақсы даярлықты және ата-аналардың белсенді араласуын талап етеді.
Практикум –балаларды тәрбиелеу, педагогикалық жағдаятты тиімді
шешу бойынша ата-аналарда педагогикалық біліктіліктің қалыптасу формасы.
Педагогикалық практикум барысында сынып жетекшісі қандай да
болмасын қайшылықты жағдаяттан шығу жолдарын ұсынады және жағдаяттағы
өзінің ұстанған бағытын түсіндіреді.
Дәріс – қандай да болмасын тәрбиелеу проблемасының мәнін ашатын
психологиялық-педагогикалық білім беру формасы. Жақсы лектор – ата-аналардың мүдделерін, проблемаларын, олардың балаларға көрсететін қамқорлықтарының сипатын білетін ұстаз-тәрбиешінің өзі. Дәріс оқудағы басты нәрсе – тәрбиелік оқиғаларға, жағдаяттарға ғылыми талдау жасау. Дәрістің ең қажетті шарттарының бірі – отбасы тәрбиесі бойыншажинақталған тәжірибеге сүйену. Дәріс барысында қарым-қатынас жасау әдісі –еркін әңгімелесу, пікіралмасу, ойлары бір адамдардың диалогы.