Негізгі компоненттерінің мәні


Индивид - тұлға - даралық ұғымдарының көлемдік және мазмұндық айырмашылықтарын венн диаграммасы арқылы талдаңыз



бет5/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

3.Индивид - тұлға - даралық ұғымдарының көлемдік және мазмұндық айырмашылықтарын венн диаграммасы арқылы талдаңыз
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А. Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ереше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе. Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз — өзіне ұқсастыру формасы.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік , әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек.
Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.
Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық» ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет