Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндеге рөлі
Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау.
Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.
Құндылықтар жүйесі туралы түсінік.
Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні болу шарт.
Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы тиіс.
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.
Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.
Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.
Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады.
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.
Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті
кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана — сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады…
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді…
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» – дейді.
Философ Т.Қ. Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Педагогикалық сөздікте «құндылық – адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», – делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.
Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды.
Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді. Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Себебі әрбір адам – өзінше жеке тұлға.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды топшылай отырып, біз рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан–дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.
Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.
Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |