AES (Advanced Encryption Standard) – АҚШ-та 2001 жылдан деректерді шифрлау облыста мемлекеттік стандарт ретінде пайдаланатын шифрлау алгоритмы. Стандарт негізінде Rijndael шифры жатыр. Rijndael / AES шифры (яғни ұсынылатын стандарт) 128 битты блокпен, кілт ұзындығымен 128, 192 немесе 256 бит және кілт ұзындығына тәуелді раундтар санымен 10, 12 немесе 14 сипатталады. Rijndael негізін сызықты-ауыстырылу деп аталатын түрлендірулер құрайды. Rijndael құрылымын 32-ге еселі блок пен кілттің түрлі мөлшеріне лайықтауға болады және раунд санын өзгертуге болады. Алгоритмда кестелік есептер кең пайдаланады, барлық қажетті кестелер тұрақты түрде беріледі, яғни не кілтке не деректерге тәуелді емес.
DES (Data Encryption Standard) – АҚШ-та 1977 жылдан 2001 жылға дейін деректерді шифрлау облыста мемлекеттік стандарт ретінде пайдаланған шифрлау алгоритмы. DES-ң негізгі параметрі: блок өлшемі 64 бит, кілт ұзындығы 56 бит, раунд саны – 16. DES бұл екі бұтағы бар классикалық Фейштель желісі. Алгоритм бірнеше раундта деректердің 64-битты кіру блогын 64-битты шығу блокка түрлендіреді. DES стандарты орын ауыстыруды, алмастыруды және гаммалауды араластырып пайдаланады.
Құрастырылған (композициялық) шифр- бірнеше қатарынан пайдаланған қарапайым шифрлардың комбинациясы нәтижесінде деректердің криптографиялық түрлендіруі.
ECB (Electronic CodeВook) тәртібі– блокты шифрлау алгоритмның пайдалану тәртібінің біреуі. Ааудырылады – электронды код кітабі – бұл қарапайым блокша ауыстыру тәртібі. Осы тәртіпте бастапқы деректердің әрбір блогы бірдей кілтті пайдаланып басқа блоктарға тәуелсіз шифрланады. Егер хабар блок ұзындығынан артық болса, онда ол сәйкес ұзындығы бар блоктарға бөлінеді. Керек болса соңғы блок тіркелген мәндірімен толтырылады. ECB тәртібі бөлек қысқа хабарларды (мысалы, криптографиялық кілтті) беру үшін пайдалануға ұсынылады.
CBC (Chipher Block Chaining) тәртібі– шифр блоктарын тіркелу тәртібі. Блокты шифрлау алгоритмның пайдалану тәртібінің біреуі. СВС тәртіпте түрлендіру былай жүргізіледі: ашық мәтіннің әрбір блогы модуль 2 бойынша бұрынғы блоктың шифрлау нәтижесімен қосылады. Сонымен, бұрынғы блоктарының шифрлау нәтижелері келесі блоктардың шифрлауына әсер етеді.