Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған



бет6/6
Дата12.07.2022
өлшемі128,85 Kb.
#147421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҰМЖ 5-11
Blue Gold Watercolour Group Project Presentation, копия 20231008 144042 0000, healthy lifestyle, 2-жақты Kелісім-шарт үлгісі
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған
«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар
1) 10-сынып



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы

Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары

10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету;

Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы

10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және олардыанықтау және кескіндеу;
10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы

10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Екі жазықтықтың өзара орналасуы

10.2.5 - жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

2-тоқсан

Кеңістіктегі бұрыш.Кеңістіктегі арақашықтық

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш

10.2.6 - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;

Перпендикуляр және көлбеу

10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;

Үш перпендикуляр туралы теорема

10.3.1 -үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;

3-тоқсан

Кеңістіктегі бұрыш.Кеңістіктегі арақашықтық

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;

Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш

10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу,кескіндей алу және оның шамасын табу;

Кеңістіктегі арақашықтық.

10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгіжәне айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі және векторлар

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі

10.4.1 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау;

Екі нүктенің арақашықтығы

10.4.2 - кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;

Кесінді ортасының координаталары

10.4.3 - кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу;

Сфера теңдеуі

10.4.4 - сфера теңдеуін білу және оныесептер шығаруда қолдану;

4-тоқсан

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталаржүйесі және векторлар

Кеңістіктегі вектордың координаталары

10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;

Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы

10.4.6 - кеңістіктегі коллинеар және компланарвекторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;

Векторларды қосу,векторды санға көбейту

10.4.7 - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау;

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

10.4.8 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10-сыныптағы геометриякурсын қайталау

2) 11-сынып





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

10-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Көпжақтар

Көпжақ ұғымы

11.1.1 - көпжақ анықтамасын және оның элементтерін білу;

Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма

11.1.2 - призманың анықтамасын, оның элементтері, призматүрлерін білу;оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Тікбұрышты параллелепипед және оның қасиеттері

11.1.3 - тікбұрышты параллелепипедтің анықтамасы мен қасиеттерін білу және оны жазықтықта кескіндеу;

Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;
11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Пирамида және оның элементтері

11.1.4 - пирамиданың анықтамасын, оның элементтері, пирамида түрлерін білу;оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Қиық пирамида

11.1.5 - қиық пирамиданың анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
11.3.3 -көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

2-тоқсан

Көпжақтар

Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;
11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Қиық пирамида бетінің ауданы

11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Дұрыс көпжақтар

11.1.6 - дұрыс көпжақтың анықтамасын білу және дұрыс көпжақтардың түрлерін ажырату;

3-тоқсан

Айналу денелері және олардың элементтері

Цилиндр және оның элементтері

11.1.7 - цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу;цилиндрдіжазықтықта кескіндей алу;
11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;

Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

11.1.11 -көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;
11.3.5 - цилиндрдің бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Конус және оның элементтері

11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу;конустыжазықтықта кескіндей алу;
11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;

Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

11.1.11 -көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Қиық конус және оның элементтері

11.1.9 - қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конустыжазықтықта кескіндей алу;
11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуғаесептер шығару;

Қиық конус бетінің ауданы

11.3.7 -қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Сферажәне шар

11.1.10 - сфера, шардың анықтамаларын білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.2.2 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуғаесептер шығару;

Сфера бетінің ауданы

11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;

Айналу денелерінің жазықтықпен қималары

11.2.1 - цилиндрдің, конустың және шардыңжазықтықпен қималарын кескіндеу;

4-тоқсан

Денелер көлемдері

Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері

11.3.9 - кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;

Призма көлемі

11.3.10 - призма көлемін табу формуласын қолдану;

Пирамида және қиық пирамида көлемдері

11.3.11 -пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолдану;

Цилиндр көлемі

11.3.12 - цилиндр көлемін табу формуласын қолдану;

Конус және қиық конус көлемдері

11.3.13 - конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын қолдану;

Шар көлемі

11.3.14 - шар көлемін табу формуласын қолдану;

10-11-сыныптардағы геометрия курсын қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет